«JК» студиясы есеп беру кешін өткізді

Шымкентте талантты оқушылар тағы да топ жарды. Шығармашылық кешін өткізген «JК» студиясы жыл бойы жинаған тәжірибесіман бөлісті көпшілік алдында. 60-тан астам шәкірті бар студияда бүгінде 5-30 жас аралығындағы бишілер сабақ алады. Ал бұл есеп беру шығармашылық кеші 5 -рет өткізіліп отыр. Бұл бишілер «JК» студиясының жоғарғы топ бишілері. «Хип-хоп» жанрын жаңғыртуда алдына жан салмайтын белсенділердің алға қойған мақсаты айқын. Құрылғанына 1,5 жыл болған топ өзге де елдерде өткен би сайыстарының жүлдесін қанжығасына байлап үлгеріпті. Өнердің қызық әрі қиындығы мол түрін таңдаған жастар хип-хоптың денсаулыққа пайдасы мол деп түсіндіреді. Көпшілкке талантын танытып, жастығын бимен байланыстырғандар жетерлік.

«JK» студиясының бишілері салауатты өмір салтын ұстанады

«JK» студиясының шәкірттері: «Қырғызстан, Ресейге барып 1-2 орындарды иелендік. Бұл би арқылы біз бостандықты сезінеміз, Уайым-қайғыны жеңеміз. Ең бастысы, спирттік ішімдіктер мен шылымнан бойымызды аулақ ұстаймыз. Ертеңімізге жауапкершілікпен қараймыз».

Гүлнар Қалмұрзаева, «JK» студиясының директоры: «Әрине бұл шараны біздің талантты оқыушыларымыз ұйымдастырып отыр.Белсенділігіне қарап-ақ болашағының жарқын болатынына сенемін. Осындай талантты шәкірттерімнің көргенде, көше кезіп, шылым тартып жүргендерге жаным ашиды. Бұл биге келгендердің барлығы а саауатты өзмір салтын қалыптастырып өседі».

«Хип-хоп» биін белсене биледі жастар

«Битбокс» өнерін меңгеріп, орындауда шеберлік танытқан жастар да болды. Әлімжан Сапарбаевтың бұл өнерге ықылас танытқанына көп болған жоқ, десе де қызығушылық болса, өнердің қиындығы жоқ деп есептейді ол.

Әлімжан Сапарбаев, «Битбокс» өнерін меңгерген жігіт: «Ия, расында да бұл өнердің маңызы мол. Олай дейтін себебім, бұл адамның терең тынысын талап етеді. Егер адам баласы бұл өнерге қызығушылық танытса, тез арада үйреніп алуға болады. Тек бар ынта-ықыласыңды бөлуің шарт. Менің алдағы мақсатьым да осы өнермен байланысты. Мәселен, Шымкентте бұл өнерді онша бағалай бермейді. Сондықтан мен бұл өнерді жерлестеріме танытып, өз бағасын, өз орнын алғанын қалаймын. Сол үшін тынымсыз ізденіс үстіндемін».

«JK» студиясының шәкірттері би билеуде шеберлік танытты

Заманауи билерді меңгерген замандастарымыздың көксегені – өзге де жастарды спорт пен биге баулу. Себебі Салауатты өмір салтын қалыптастырып, ел ертеңін елестете алатын жастар — жарқын өмірдің жаршысы болуы маңызды.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*