Езу тартқызатын жұмбақтар

Жұмыстан шаршадыңыз ба? Бір сәт өзіңіздің ғана емес, жаныңыздағы әріптесіңіздің де езуіне күлкі сыйлағыңыз келе ме? Онда мына жұмбақтарды жаттап ап, жасырып көріңіз :)))

Шай қасығы шекерге не депті?   («Шай ішерде кездесейік, шекерім» депті)

Қатты кетіп бара жатқан жүк мәшинесін бір қолымен ғана кім тоқтата алады? ( Жол полициясы)

Дәрігер операцияда не үшін маска киеді? ( «Қате –жаңылыс операция жасағанда танымасын» деп)

Велосипед қай уақытта ұшақтай тез жүреді?( Ұшаққа мінгізілгенде)

Бір сағат күніне он үш рет соқса нені көрсетеді?( Бұзылғандығын)

Кекеш қай кезде кекештенбейді? ( Сөйлемегенде)

Христофор Колумб Америкаға аяқ басқан соң не істеді?( Екінші аяғын да жерге басқан аяғының жанына қойды)

Маймылдар неге ағаш басында тербеледі?( Орманда демалыс бағы болмағаны үшін)

Эдисон электр жарығын қалай тапқан?( Қараңғыдан қорыққаны үшін) 

 Жаман жолға түскен жүзімді не дейміз? ( Шарап)

Бір мысық үйдің жертөлесіне төрт аяқпен кіріп, қалайша сегіз аяқпен шығады?( Бір тышқан аулағанда)

Тасбақаның ең ұнатпайтын, жек көретін нәрсесі не? ( Сыртын қаси алмауы)

Пілді емханаға жатқызыпты. Тышқан да бірге барыпты. Неге? ( Қан беру үшін)

Алты кісі бір қолшатыр астында су болмастан қалай тұра алады? ( Жаңбыр жаумағанда тұра алады)

Қай стансада пойыз тоқтамайды?  ( Жанар май стансасында)

Түрік тілінен аударған Мақсұт Жақып

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*