Ертегілер балаларды мейірімділікке баулиды

Қуыршақ театрының мұражайы бұл күні де әдеттегідей кішкентай бүлдіршіндерге лық толды. Қаламыздың бірнеше мектебінен келген оқушылар мұнда қойылған сан түрлі қуыршақтарды қызықтауда. Бірі өте мейірімді, бірі өте әдемі, ал ендігісі қарында шал болса, келесісі күлкілі. Бәрінен бұрын қонақтарын таң қалдырған бес метрлік алып қуыршақ Көктем қыз бен ақ сақалды ата болды.

Қуыршақ театрының мұражайынан көрініс
Қуыршақ театрының мұражайынан көрініс

Балаларға базарлық мұнымен аяқталмады. Отызға жуық оқушыға арнап, облыстық қуыршақ театрының әртістері «Ләйлік» атты ертегіне сахналады. Ирина және Ян Златопольксийлердің «Ләйлік» атты ертегісі негізінде сахналанған қойылымның басты кейіпкері — Құтанның балапаны Ләйлік.

Ертегі желісі Ләйліктің достарына тек жақсылық, бақыт әкелгісі келетін әрекеттері арқылы өрбіп отырады. Ал оның жақсы ниетін дұрыс түсінбеген кірпі мен тышқан, аю келемеждеп, одан теріс айналады. Ал соңында өз қателіктерін түсінген достары Ләйліктен  кешірім сұрап,  соңы достықпен аяқталады.

"Ләйлік" ертегісі
«Ләйлік» ертегісі

Ал балаларды қуыршақ тетрына әкеліп, қызықты дүниелерді ұсынудағы мақсат бір. Оларды мейірімділікке, бауырмалдылыққа баулы. Әсіресе жасөспірімжер арасында қылмыстық істердің көбейіп кеткенін ескерсек, Әл -Фараби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мұндай ертегі оларды тек жақсы қасиетке баулиды деп есептейді.

Ертегінің айтар ойы- балдырғандарды сабырлылыққа, жақсылыққа, еңбекқорлылыққа тәрбиелеу екенін ескерсек, бұл орайда театр ұжымы да белгілі мекемелермен біріге жұмыс жасауға дайын.

Қуыршақтар
Қуыршақтар

Қуантарлығы балалар уақыттарын қызықты өткізді. Олар ертегіні аса ыждахаттылықпен тамашалап, шапалақтарын аямады.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*