Емізікті көп қолданбаңыз

Балаңыз емізік еме ме? Егер ембейтін болса, тілінің тез жетіліп, денсаулығының сау болғаны. Ал еметін болса, бала денсаулығы үшін арнайы ережеге бағынуыңызға тура келеді. Емізікке тәуелді бала ауыршаң болады дейді дәрігер мамандар.
Баланы емізікпен тамақтандыру түрлі инфекциялардың жұғуына алып келеді екен. Емізік қолданудың да өзіндік ережелері бар. Сондықтан емізікті шөлмекті пайдаланғанда тазалыққа үлкен мән беру керек.

емізікті көп қолданбаңыз

Зарипа Оспанова, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары: «Көп ана бутылкамен тамақ беруді әдетке айналдырып алған. Оның санитарлық талаптарын сақтамайды. Ыстық сумен ішін тазалап жууды ұмытып та кетеді. Кешегіден қалған тамақты жылытып беруше болмайды балаға. «

Ана сүтін емген бала азырақ ауырып, тезірек айығады. Ал емізікпен қоректенетін нәрестелер әлжуас болып, ауыршаң болатын көрінеді. Мұндайда баланың айына байланысты қасықпен тамақтандыру қажет.

Зарипа Оспанова, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары

Зарипа Оспанова, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары: «Алты ай толған нәрестеге қосымша тамақтар беруге болады. Міндетті түрде, бутылкамен емес. Қасықпен аздап жегізуге болады. Ас адамның арқауы. Тамақ неғұрлым құнарлы болған сайын, соғұрлым денсаулығы мықты болады. »

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түсетін балалардың басым бөлігі емізікпен тамақтанатындар екен. Ас адамның арқауы екенін ұмытып кететін аналар- кейде ерініп, баласына кешеден қалған тамақты жылытып немесе таза жуылмаған емізік бөтелкемен бере салатын көрінеді.

Қосымша тағамды балаға өмізік кигізілген бөтілкемен емес, кесеге құйып, қасықпен берген дұрыс. Себебі емізік емген бала емшектен тез шығып кетеді. Бөтелкеден гөрі кесе таза жуылады, яғни инфекция жұқтыру қауіпсіздік артады.