Динара Сейсенбаева: «Би әлемі — салауатты өмір салтының негізі»

«Армандастар» би ансамблінің белсенді би қоюшысы Динара Сейсенбаеваның жасы — 18-де. Болашығын бимен байланыстырған ару келешегін көркем де нәзік би түрін дәріптеумен, таңдаулы да танымал хореогроф болуымен ерекшелендіреді.  Десе де 11 жылдан астам уақытын бимен бірге өткізген Динараның бұл көздеген мақсаты да көңілге қонымды. Сондай-ақ 8 жылдық тәжірибесі бар жеткіншек «Армандастардың» жетістігімен мақтанады. Бұл да болса өнерпаздың өнерінің өрлеуін көрсетсе керек. Ең бастысы, Динараның мақсаты айқын. Қалай болғанда да ару діттеген мақсатын осыдлайша жеткізді бізге.

Динара Сейсенбаева болашағын бимен байланыстырады

Динара Сейсенбаева, «Армандастар» би ансамблінің би қоюшысы: «Әрине, мен 11 жылдан астам уақыт бойы бидің қыры мен сырын меңгердім. Десе де білгенім бір тоғыз… Сондықтан іздену мен мақсатымның маңызын жоғалпауым қажет. Ал қазіргі уақытта тек тәжірибе жинақтап, жаңа қимылдарды үйреніп, жалпы айтқанда «Армандастардың» қоржынындағы билерді толықтырудамыз. Алдағы уақытта Оңтүстік өңіріне өзге елдің билерін билеп, талантымызға тәнті етпекпіз. Міне, дәл қазіргі уақытта шығармашылық жұмыстармен кеңінен айналысудамыз. Көрермен қауымды жуырда жаңалықтармен қуантамыз деп ойлаймын.

Динара -"Армандастар" би ансамблінің белсенді мүшесі

«Таңшолпан» байқауының бірінші орнын қанжығасына байлаған «Армандастар» би ансамблін аптада «Таңшолпан» байқауының бірінші орнын қанжығасына байлаған «Армандастар» би ансамблі халықаралық би болса «Армандастардың» 13 жылдық тәжірибесінің жемісі болса керек. Қазақстанның жұлдыздарына айналып үлгерген  би ансамблі Шымкенттегі №72 мектептің шәкірттерінен құралған. Құрамында 12 биші бар. Барлығы да «Армандастар» би тобына 7 жастан бастап қабылданған. Топтың белсенді бишілері осындай бедел мен өнерге ие болғаны үшін ұстаздары, белгілі хореогроф Гүлжан Сақаловаға алғыстарн айтты.

Ұлағатты ұстаздары, үлгі тұтар мамандары Гүлжан Сақалова — облысымызға белгілі, талантты хореограф. 1999 жылы  қаламыздағы № 72 мектепке жұмысқа келген ол, сол жылдан бастап шәкір тәрбиелеуде аянбады. Міне, 13 жыл бойы дәл осы «Армандастардың» асқақтығын көруді армандап, сол көксеніне бүгін жеткендей… Таланты шәкірретрдің болашағына жол бастау үшін бар жігерін жұмсауда бүгініг күні де аянып жатқан жоқ.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*