Динара Бекболаева — ең үздік жас журналист!

Динар Бекболаева! Әрине, таныс есім! Себебі, «Отырар» телеарнасының жастар редакциясында жұмыс істеп жүрген тілші бүгінде талай телекөрерменнің көңілін баурап алған. Айта кетейік, Динара тек жастар бағдарламасында ғана журналист емес, сонымен қоса спорт саласын да шебер меңгерген. Еліміздің намысын қорғап, талай байрақты, бәсекелі сайыстардан оралған спорт шеберлерін немесе енді ғана қанатын қатайтқан жас спортшыларды да көгілдір экраннан елге таныстырып жүрген осы ару!

Динара Бекболаева «Отырар» теларнасының қоржынын тағы бір жүлдемен толықтырды

Динара Бекболаева 1990 жылы ОҚО, Мақтарал ауданында дүниеге келген. Отбасында 3 қыз болып өсті. Бүгінде Тараз гуманитарлық университетінің 4-курс студенті. «Отырар» телеарнасының жас журналистерінің бірі!

Динара Бекболаева «Отырардың» мақтанышы болды!

Айтпақшы, Біз ең басты жаңалықты жеткізуді ұмытып барамыз! Біздің Динара Оңтүстік Қазақстан обылысың ең үздік жас журналисті атанды бүгін! Бұл Динара үшін ғана емес, телеарна үшін де толағай табыс деп ескереміз! Себебі, облыста 300-ден астамгадет пен қаншама жергілікті телеарна барын ескерсек бұл расында да ауыз толтырып афйтарлық жеңіс! Ал «Отырар» телеарнасында 2 жылдан астам уақыт бойы мамандығын шыңдап жүрген бойжеткен жуырда ғана тұрмысқа шығып, екніші бір ананың қуанышына айналған еді. Ал бүгінгі қуанышы үшін Біз-әріптестері ғана емес, бүкіл телекөрермендері, туыс-жекжаттары да айрықша мәртебе деп бағалап отырды. Ал Оңүстіктің қаншама БАҚ өкілдерін басып озған ару мұндай сыйлықты күтпегенін айтып отыр.

Динара бұл сыйлықты қатты қалағанын аййтады

Динара Бекболаева, журналист: «Бүгінгі күн мен үшін қуанышты күн. Бүгінгі жеңісім журналистік жолдағы кішкентай баспалдағым деп білем. Еңбекті елеп, бағалаған ұйымдастыру алқасына алғысымды айтамын. Жас журналист номинациясын жеңіп алудың өзі мен үшін үлкен мәртебе. Менің қуанышым өз арнам «Отырар» телеарнасының 20  жылдығымен тұспа тұс келіп отыр. 20 жыл ішінде облыстағы БАҚ арасында беделге ие болған «Отырардың» жастар редакциясы жастар жаңалығын жүйелі жеткізіп отыр. Қазақстан журналистикасына  жаңа таланттар имен жаңа есімдер сыйлап жүрген «Отырар» телеарнасының редакциясы маған да, басқа да жастарарға үлкен шеберлік мектебі» .

Динара Бекболаева — ОҚО бойынша ең үздік жас журналист!

Біздің Динара деуші едік, бүгінде Оңтүстіктің Динарасы болды! Сондықтан, ел үмітін арқалаған арудан жұртшылық та үлкен үміт күтеді. Бұдан да биік белестерді бағандырып, ел арасындағы  ащы шындығын билікке жеткізер жалынды журналист болды деген ниет те жоқ емес. Ендеше, Динара Біз сені мақтан тұтамыз! Жарайсың, әріптес!

2 Comments

  1. Жарайсың Динара! Алғашқы жеңісің, алғақы марапатың, алғашқы еңбегің! Енді тек осындай атаққа лайықты деп танылған соң, жұмыстарың да соған лайық болсын. ҚҰттықтаймын!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*