Цирк өнеріне бет бұрған жастар жайлы

Цирк өнері. Қазіргі қоғамда өнердің нәзік те қиын саласына бет бұрып, бұл өнердің өрлеуіне сүбелі үлесін қосып жүрген жандар жетерлік. Десе де тынымсыз дайындық пен адал терді талап ететін мамандықты меңгеріп, цирк әртісі  атанғандар біздің қаламызда да бар. Мұны бірі — білсе, енді бірі біле бермеуі мүмкін. Себебі, «Оңтүстік цирк» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жуырда ғана ашылды қаламызда. Десе де жас мекеменің әртістері  тынымсыз тер төгіп жүргенін көріп тәй-тәй басқан «Оңтүстік цирк» бірден аяқтан тұрып кететініне сенім мол. Олай дейтін себебіміз, цирк әртістері биік белестерді бағындырып, өз таланттарын танытып-ақ жүр. Мәселен, күні кеше ғана Елордамыз — Астана қаласында өткен «Азия Жаңғырығы» V халықаралық фестивалінен жүлделі 3-орынды иеленді. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген талантты  өнерпаздардың ішінен топ жарған өнер иелері Шымкенттің анығырақ айтсақ, Қазақстанның намысын қолдан жібермеді.

Дәурен Файзуллаев көпшілікті күлкіге көмудің құпиясын ашты

Дәурен Файзуллаев, цирк әртісі: «Мен жастайымнан көгілдір экраннан көз алмай, көпшілікті күлкіге көміп жүрген сайқымазақтардың әрекетін бақылап отыратынмын. Сондықтан болса керек бүгінде көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап жүрмін. Арнайы жастолқынның жастары үшін жұртшылықты күлкіге қарқ қылудың құпиясын ашайын. Біріншіден, ең бастысы адам бойынан шыдамдылық пен еңбекқорлық табылуы тиіс. Тер төгудің арқасында ғана үйренетін бұл қасиет күндіз-түні дайындықты талап етеді. Өздеріңіз куә болып отырғандай-ақ терлеп, дайындығымды пысықтап жатырмын. Бұл да адамдардың көңілін аулауаға бағытталған. Ендеше, құпия осы шыдымдылық пен адал тер. осындай күш жұмсап, әзілді меңгере білсең болғаны».

Махмуд Ахмедов цирк өнерінде дене жарақаттары кездеседі дейді

Ал өзінің 10 жылдам астам өмірін цирк сахнасында өткізген Махмуд Ахмедов цирк — таудай талапты қажет ететінін алға тартады. Сондай-ақ өнер иесі еңбекқорлықтың басты рөлде екенін де шегелеп айтты. Бұл саланың қиындығына төзуде әлсіздік танытатындар көп кездеседі дейді ол. Себебі, дайндық кезінде дене жарақаттары орын алатынын да жасырмады.

Махмуд Хасанов, цирк әртісі: «Ең алғаш цирк өнеріне бе бұрып, дайындық залында жүргенімде қол-шынтағымды сындырдым. Сол кезде жарақатыма қарап тұрып, ештеңе етпейді әлі-ақ цирк сахнасына төселіп кетемін деп өзімді-өзім жігерлендірдім. Бүгінде сол алғашқы қиындықтарға мойымағаныма қуанамын.  Әйтпеген жағдайда мен үшін цирк сахнасы тек менмұндалаған сағым, арман болып қала беретін еді. Бүгінге дейін талай жарақаттар алдым. Десе де цирк сахнасынан қол үзбеу үшін бар ауырлық арта қалды. Әрбір жаңа тың іс-қимылдар үйренген сайын, әрине, дене ауырып немесе белгілі бір қиындықтар туындайды. Айта өтейін, өз кәсібін шексіз сүйген адам үшін бұлардың барлығы да артта қалады. Дәл қазіргі уақытта жастардың басым бөлігі циркке әуестенгенімен, алғашқы жаттығулардан соң-ақ ынта-ықыласы төмендеп, қызығушылығы төмендей түседі».

Осылайша, өнердің нәзік әрі қиын саласына бет бұрған жастар Қазақстандағы цирк өнерінің дамуына үлес қосып жүр. Себебі, тұңғыш рет өңірімізде халықаралық цирк фестивалі Қазан айында қолға алынбақ. Бұл кезде «Оңтүстік цирк» әртімтер өз таланттарын танытатын болады.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*