Цирк әлеміне саяхат. Фоторепортаж

Қарақат көгершіндерді қолына қондырды

«Отырар» телеарнасының ең кішкентай тілшілері шаһарымызда  жаңадан      ашылған циркке қонаққа барды. Цирк ұжымы қаламызда 26 мамыр мен 3 маусым аралығында балаларға арнап «Алақай-балақай» атты бағдарламасын қойған болатын. Біздің тілшілеріміз ондағы жұмыс жасайтын кәсіби әртістермен сұхбаттасып, түрлі құстармен, аңдармен танысып қайтты.

 

 

 

Түрлі түсті кептерлер

Көгершіндерді бір-бірінен айыру үшін түрлі түстерге бояп қойған. Оларды кішкентайынан үйретеді және сахнаға шығар алдын көп еркелете бермейді екен. Өйткені олар еркелікке басып, ойдағыдай ойын көрсетпей қояды.Олардың мінез-құлықтары да әр түрлі.


 

 

Каринаның жаттығу сәті

Акробатиктер сахнаға шықпас бұрын жарты сағат шамасында денелерін шынықтырып, түрлі қимылдар жасайды. Егер жаттығу жасамаса, ойын кезінде оқыс қимылдар жасап, буындары ауырып қалуы мүмкін. Карина Жүнісова сүйікті ісімен алты жасынан бастап айныласуда

 

 

 

 

Иттерді күтіп-баптауда

Бұл иттердің ішіндегі ең кәрісі. Олар да балалар сияқты тәттіні, шоколад пен кәмпитті, балмұздақты жегенді жақсы көреді екен. Оларды да күн сайын немесе циркке шығардың алдында шаштарын тарап, жуындырып, киіндіріп, күтіп-бағады екен.

 

 

 

 

Жайнақ үйретушісімен бірге

Ал мынау зоопарктен циркке сыйға тартылған үш қонжықтың бірі Жайнақ. Ол әсіресе бал жегенді ұнатады. Жеміс-жидектер мен капуста, сәбіз және алма сүйіктісі. Ол екі қолын жоғары көтеріп, қара жорға биін үйреніп жүр екен.

 

 

 

Сайқымазақтардың ойыны

 

Ал сайқымазақтар кішкентай бүлдіршіндердің нағыз сүйікті кейіпкерлеріне айналды. Олар барынша көермендерін күлдіруге тырысты.

 

 

 

Бәрінен де балалар қызыққа батты

 

Ал цирктің негізгі қонақтары кішкентай бүлдіршідер үшін бұл күн қызықты өтті. Олар ұзаққа дейін бұл ойындарды ұматпайтын болады.

 

 

 

 

 

Жұлдыз болатын сәт

Ал балалар әртіспен естелікке түсіп жатты.

One Comment

  1. Іңкәр

    Цирктің ашылғаны қуантады. Бірақ ондағы әртістердің көбісі Өзбектаннан келгендер. Олар сосын қайтып кетеді деп естідім. Рас па екен?

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*