«Чипсы» жайлы біліп жүріңіз

Бүгін қатырлақ жеңсік ас — «чипсы»-дың туған күні! «Чипсы» ағылшын тілінен аударғанда  (ағылш. chips — жоңқа) жоңқа деген ұғымды білдіреді екен. Бүгін атаулы дата болған соң, аталған жеңіл астың дүниеге келу тарихын сіздерге ұсынып отырмыз. Жұқалап жапырақтап турап қайнатылған және ыстық ауамен кептірілген я болмаса картоп езбесінен жұқа қабатты етіп кептірілген дайын қытырлақ картопты өзге елдерде «картоп вафлиі» деп те атайды.

«Чипсы»-дың дүниеге келу тарихына тоқталайық

Ал «чипсы»-ды байқаусызда ойлап тапқан Джордж Крам атты үнділік азамат. 1853 жылдың 24-ші тамызында АҚШ-тағы Сараторга-Спрингс демалыс орнындағы Moon Lake Lodge мейрамханасында шеф-аспазшы қызметін атқарып жүргенде аталған асты жасаған екен. Аңыз-дәйектер айтуынша, Moon Lake Lodge -дің ең таңдаулы фирмалық асы болып «картоп фриі» саналған. Бірде теміржол кәсіпкері Вандербильт кешкі ас үстінде тамақ жеуден бас тартады. Семіздігін сөз еткен ол қатты қапагершілік танытып, тіпті тәрелкедегі асқа қарамауды шешеді. Сол кезде артық салмақты кәсіпкеррді аяған шеф-аспаз Крам, Вандербильт-ке арнап тамақ жасай бастайды. Қалыңдығы жұқа қағазбен тең картоп турап, қуырады. Түрлі дәмдеуіштер қосып дайындайды. Алавйда бұл тамақ кәсіпкер мен достарына қатты ұнайды. Сүйікті тамақтарына айналады.

«Чипсы»-дың соңғы қайырылған бұйра үлгісі

1929 жылы Фриман Макбет деген өзі өзідігінен үйренетін «чипсы» маманы, «чипсы» пісіретін қазандық ойлап тапты. Міне, сол уақыттан бері (чипсы»-дың пісіру әдісі ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ. Дәл осылай жасалып келеді: шикі картоптың арнайы сұрыпын таңдап алады, кір тазалайтын щеткамен кірінен жақсылап тазалап, арнайы ыдысқа картоптазалағыш суға салынады. Тазаланған картопты келесі жіңішкелеп турайтын құралға апарып, дөңгелете кеседі. Ертеректе пышақшалары кәдімгі тегіс болды, бірақ аспаздарға бұл іш пысарлық болып көрінсе керек, әйтеуір соңғы кездері бұйра-ирелең турайтын құралдар пайдаланылды. Кесілген жапырақшалар үлкен қамбаға түседі. Мұнда қалған крахмалдар тазартылады да арнайы қайнатылған маймен кептіріледі. Майға осылайша булана-қуырылып жатқанда тұз араластырылады. Сондай-ақ «чипсы»-ға құмартатын дәм беру үшін «кесілген-тұздалған картопты» арнайы дәмдеуіштертер толы қамбаға салып, булайды. Қорапталар алдын арнайы тексеруден өткізіледі. «Іріктеуші маман» деп аталатын құрал «чипсы»-дың әрбір жапырағын тексереді. Айта өтейік, «Чипсы» дайындаудың бар уақыты небәрі 15 минутты талап етеді. Сондықтан «чипсы»-ды үй жағдайында жасауға болады. Тек аталған құрылғылардың үй жағдайын арналған үлгісін сатып алсаңыз болғаны.

P.S. Әрине, «Чипсы»-дың тіл үйіретін дәмінен ешкім бас тарта қоймас. Алайда, жеңіск астың жалған үлгісін жасап, тазалауыш құралдарсыз өндіруші «алаяқ фирмалар» көбейгелі қашан. Ендеше, аталған асты сатып алар алдын міндетті түрде өндіруші атныа назар аударыңыз. Егер мекен-жай көрсетілмей немес күмән тудырарлық кешін тұстары байқалса сатып алмағаныңыз дұрыс. Тәбетіңіз тартып тұрған жағдайда, денсаулығыңызға кері әсеру турасында ойланғаныңыз жөн.    

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*