«Болашақ» бойынша оқитындар белгілі болды

оқы, оқы және оқы
Оқы, оқы және оқы

«Болашақ» халықаралық шәкіртқасын иеленгендер белгілі болды. ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхамед төрағалығымен шетелде маман дайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өтті. ҚР Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов «Болашақ» халықаралық степендиясының нәтижесі жайында мәлімдеді.

Биылғы жылы 1186 адам «Болашақ» халықаралық шәкіртақысын иеленген. Оның 315-і магистратураға, екеуі докторантураға, 384-і машықтануға бағытталған екен.

Талапкерлердің көбі Ұлы Британияны таңдаған. Осы елге 159 өтініш түскен. АҚШ-қа 91, Ресейге 34, Германияға 9 адам өтініш берген. Шәкіртақы иелері таңдауында басқа мемлекеттер де бар. Мәселен, Франция, Қытай, Швейцария, Австрия, Канада, Италия, Нидерланды, Чехия.

«Халықаралық бағдарламалар орталығының» сайтында шәкірақы иелерінің тізімі жарияланған. «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат тапсырғандардың басым көпшілігі Ұлыбританияда оқуды қалаған, одан кейінгі орында АҚШ тұр. Бұл туралы кеше Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен өткен Шетелде мамандар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында мәлім болды.

 

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*