Биылғы блогқұрылтай Шымкентте өтеді

270958_286099721513588_536939064_n«Блогқұрылтай-2013» биылғы жылы шырайлы Шымқаламызда өтетін болып шешілген еді (23-24 наурыз). Үйлестірушілер тобы дайындықты бастап та кетті. Сенбі күні бас қосып, арысы шетелден, берісі еліміздің барлық аймағынан ат арылтып келетін қатысушылардың көңілінен қалай шықсақ екен деп бас қатырды. Ұйымдастырылатын жерді белгіледі. Алдымен блогқұрылтай жайлы қысқаша айтып өтсек. Блогқұрылтай — қазақ тілді интернеттің қолдану аясын кеңейтіп, жастарды жаңа технологиямен еркін жұмыс істеуге үйрету, қазақ контентін көтеру, жалпы интернет саласында жүрген мамандардың  қызықты, пайдалы жобаларына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылады. Бұған дейін мұндай шара 2011 жылы Алматы қаласындағы КИМЭП университетінде, былтырғы жылы Астана қаласындағы Назарбаев университетінде өткен болатын. Оған  қазақ интернетінің белсенді қолданушылары: блогшылар, интернет журналистер, IT мамандары қатысып, өзара тәжірибе алмасып, келесі мәселелерді талқылаған еді. Енді биыл біздің Оңтүстік өңірінде өткізу жоспарланып отыр. Облыс әкімдігінің тарапынан үлкен қолдау болатынын жеткізді. Енді тек барлық істе ұйымшылдық таныта алсақ болғаны.

Алматы. Блогқұрылтай-2011
Алматы. Блогқұрылтай-2011

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*