Бітірушілер кеші өтті

Сәт сапар жас түлек! Тұрар Рысқұлов атындағы №25 мектеп бітірушілерінің кеші өтті. Шараның шымылдығын ашуға шаһар әкімінің орынбасары БаҺадүр Нарымбетов келіп, үздіктерді «Алтын белгімен» марапаттады.

Атаулы білім ордасында 2 бірдей «Алтын белгі» иегері бар. Солардың бірі Баян Молдабекова.  11 «Б» сыныбының түлегі. 11 жыл бойы мектепті үздік оқыған Баянның бүгінгі толғанысы тіптен ерек. Көзіне еріксіз жас беріп,  аяулы ұстаздарымен, алтын ұя мектебін қимай қоштасуда. «Мектеп- кеме, білім-теңіз»  деген мақалдың мағынасын енді ғана түсінгендей.

Баян Молдабекова, «Алтын белгі» иегері

«Ұстаздар аманатын ақтап, ата-ана үмітін арқалау ауыр жүк екен. ҰБТ-дан қиналғаным жоқ, тек алтынымды дәлелдеу міндеті тұрды. Қорықпадым, барымды салып, ақтап шықтым төсбелгімді. Шексіз алғысымды ата-анама, ұстаздарыма білдіремін. Барлық сыныптастарыма тек қана сәттілік тілеймін»-деген Баян Қайратқызы, өмірде өзіндік орны бар тұлға болып қалыптасуға тырысып бағатынын айтты. Болашақта есепші мамандығын таңдаған оның, арманы асқақ. Білімі биікке жетелейтініне сенімді.

Мектеп бітіруші түлектер

Мектептен түлеп ұшқан шәкірттер орта білімін дәлелдейтін куәліктерін алып,  мектеп бітіру кешін алтын ұяларында өткізді. Әсем көйлек киген бойжеткен мен сымбаты келіскен бозбала салтанатты кештің бас кейіпкері атанды. Қимастық сезімдері басым болғанымен, үлкен өмірге жолдама алды.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*