Батыр Мәншүк Мәметованың ерлігі еске алынды

Ақырғы оғы таусылғанша жауды жер жастандырған батыр қыз Мәншүк Мәметоваға биыл — 90 жыл! Сол себепті Қазақстанның түкпір-түспірінде  батыр ару есіміне құрмет көрсетіліп, үнсіздік минуттарымен еске алынуда. Ал бұл күні қаламыздағы №35 Мәншүк Мәметова атындағы мектеп оқушылары Мәншүк апасын еске алды. Ерлігі ел есінде сақталған пулетметші апасына арнап бірі жыр жолдарын оқыса, енді бірі батыр өміржолынан қойылымдар қойды. Өмірбаянын жатқа айтып, хазған шығармаларын да оқыды. Соғысқа өз еркімен сұранғанын да көрсетті. Тіпті 3 мәрте келіп, 4-шісінде ғана рұқсат алғанын да ашық баяндады. Ал бұл күні Мәншүк рөлін мектептің 5-сынып оқушысы Гүлнияз Ниязбаева сомдады. Көпшілктің көз алдына сол бір сұрапыл жылдарды елестете отырып, шебер ойнаған оқушы баршаның көзіне жас үйірді. Батыр апасының орнында болуы қиынға түскенін де жасармады шәкірт.

Мәншүктің өміржолынан сыр шертетін қойылымдар ұсынды оқушылар
Мәншүктің өміржолынан сыр шертетін қойылымдар ұсынды оқушылар

Гүлнияз Ниязбаева, оқушы: «Мен қатты қобалжыдым. Рөлді беріліп ойнағаным сонша, өзім де жылап жіберіппін. Ең бастысы мен Мәншүк апамыздың ерлігі нағыз ерлік! Егер мен сол кезде апамның орнында болғанымда, менде солай жасай алар ма едім деген ой келеді. Бірақ бір білетінім, арманым — болашақта мен де елімнің гүлденуі үшін өз үлесімді қосқым келеді! Мәншүк апамыздың рөлін ойнап, оның жан дүниесін түсіндім. Бізге деген аманатын ұқтым! Енді осы бір сезімдерді өзге замандастарым да білсе екен деймін!»

Мәншүк апасының рөлін шебер сомдаған Гүлнияз Ниязбаева ерлік ешқашан ұмытылмайтынын айтады
Мәншүк апасының рөлін шебер сомдаған Гүлнияз Ниязбаева ерлік ешқашан ұмытылмайтынын айтады

Ал бұл күні Мәншүк атындағы мектепке «Қосы Шынар» — Әлия мен Мәншүк» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербес те арнайы келіп қатысты. Мәншүк атындағы арнай орденді тапсырды мектеп атына. Батыр жайында жазылған құнды еңбектер мен жыр жинақтарын табсытады. Әрине, бұл құндылықтардың баршасы да Мәншүкке арналған сыныпта сақталатын болады.

Мәншүк қан майданда апасына жазған хатынан көрініс те қойылды бұл күні
Мәншүк қан майданда апасына жазған хатынан көрініс те қойылды бұл күні

Ғалымжан Байдербес, «Қосы Шынар» — Әлия мен Мәншүк» қоғамдық бірлестігінің төрағасы: «Мен бүгін Шымкентке арнайы келіп, оқушылардың тәрбие сағатын тамашалап отырмын. Басқа-басқа батыр Мәншүктің есімі берілген мектеп ұжымы осылай бұл датаны атап өтпесе болмайды емес пе?! Иә, биыл Мәншүктің 90 жылдығы! Сондықтан жер-жерде айрықша атап өтіліп, еске алынуда. Бірақ Мәншүк есіміне лайықты құрмет көрсетіліп жатқан жоқ! Бұл айдан анық дүние! Бұағн мемлекет емес, жергілікті биліктің тізгінін ұстап отырған әкімдер кінәлі! Неге бір Мәншүктің осынау 90 жылдығында бір ескерткіш бой көтермеске?! Бұл ұят қой! неге ең болмағанда бір ескерткіш ашып, бір мәншүкке арналған кітапқа демеуші болмайды?! МЕн осылай ашынамын».

Ғалымжан Байдербес мектеп мұражайын құнды еңбектермен толықтырды
Ғалымжан Байдербес мектеп мұражайын құнды еңбектермен толықтырды

«Ер есімі — ел есінде». «Ештеңе де ешқашанда ұмытылмайды» деуші едік. Иә, дұрыс-ақ. Алайда ердің есімін еске салатын дүниелердің бар болғаны орынды. Бұл — баршаға артылған жауапты жүк.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*