Баспагер болғыңыз келсе, бақ сынаңыз!

444Бәйге! Бәйге!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультеті баспа ісі және дизайн кафедрасының ұйымдастыруымен, Алматы қалалық әкімдігінің және республикалық ақпарат құралдары мен баспалардың қолдауымен мектеп және колледж оқушылары арасында Республикалық «Болашақ баcпагер-редактор» байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты:

– Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру;

– Олардың баспа ісі жөніндегі түсінік-танымын кеңейту;

– Кітап дайындау, шығару, тарату кәсібіне баулу;

– Баспа бизнесімен айналысуға жол ашу;

– «Баспа ісі»  мамандығына қызығушылығын ояту.

Байқаудың шарттары:

– Байқауға мектептер мен колледждерде оқитын барлық оқушылар қатыса алады.

Қатысушылар үш сынақ бойынша жарысқа түседі:

1. Әдеби-публицистік сынақ сынтезі (критерийі):

– таңдалған шығарманың мазмұнын, яғни, тақырыбы мен идеясын ашуы;

– шығарманың пішінін, яғни, композициясы, сюжеті, тілі, стилін дұрыс құра білуі;

– грамматикалық, стилистикалық, пунктуациялық сауатының жоғары болуы.

2. Безендік (дизайн) сынақ сынтезі:

– шығарманың мазмұнын аша білуі;

– бояулардың үйлесімін таба білуі;

– жазу, сызу және бояу тәсілдерін үйлестіре білуі;

– жаңашылдық.

3. Редакторлық-корректорлық сынақ сынтезі:

– сөйлемнің стилистикалық құрылымын дұрыстау;

– грамматикалық сауат;

– пунктуациялық сауат.

Байқаудың өтетін мезгілі: 3 мамыр 2013 жыл.

Байқаудың өтетін орны: Алматы қаласы, Әл-Фараби  атындағы  Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультеті, 3-зал.

Тіркеу: 8.00-ден 8.50 дейін.

Басталуы: сағат 8.50

Байқауға қатысушылар өздерімен бірге:

А) жеке куәлігі және көшірмесін;

Ә) оқушы екенін айғақтайтын мектептің анықтамасын;

Б) сурет салуға қажетті құралдар (бояу, қарындаш, түрлі түсті қалам, сызғыш, өшіргіш, т.б.) ала келулері керек.

Ең үздік деп танылған жеңімпаздар «5В042200 баспа ісі» мамандығы  бойынша оқуға түссе, бір жылдық шәкіртақыға ие болады.

Байқауға қатысты мәліметтерді мына мекен-жайлардан алуға болады: Medeubek.S.agat@mail.сom; ndanaeva@mail.ru, artnomad82@mail.ru; MubarakK@mail.kz.

Байланыс телефондары:

377-33-40 (ішкі 1348); ұялы тел.: 8  701 490 89 90 Сағатбек Медеубекұлы

8 778 447 11 37 Роза Серікбайқызы

8 777 247 05 54 Сәкен Жұманұлы

8 702 861 15 66 Нұрлыайым

8 702 670 01 00 Күләш

8 701 762 61 00 Ардақ

Ұйымдастыру комитеті

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*