Балаңыз күн астында қанша уақыт жүреді?

Балаларға жаздыгүні күнге қыздырынуға болады, бірақ ол үшін бірнеше қарапайым ережелерді сақтаған дұрыс. 3  жасқа дейінгі бүлдіршіндерге  белгілі бір уақытта ғана күн астына шыққан абзал.  Бұл таңғы сағат 11 –ге дейін және кешке 18- ден кейінгі уақыт. Осы кезеңде күн сәулесінің белсенділігі төмен болады.

Балаға тек белгілі бір уақытта ғана күнге қыздырынуға болады

Дені сау балаға туылғаннан бастап далада серуендеуге, ал екі апталық нәрестеге сәулелі ваннаны қабылдауға болады. Әрине ол анасының қадағалауымен және көлеңкелі жерде.

Ананың қадағалауынсыз баланы шомылуға жібермеңіз

Егер бала шомылудан шыққаннан кейін денесі дымқыл болса, тікелей күн астында қалуға болмайды. Оның денесін бірден күйік шалмас үшін шұлықпен жақсылап сүрту керек. Онымен қоса күннен қорғайтын майларды қосымша жағуды ұмытпаған жөн. Бірақ майларды үздіксіз немесе қайталап жаға беру де зиян.

Шомылудан шыққан соң міндетті түрде сүртіну керек

Күн сәулесінен баланың жанарын да қорғау қажет. Мұндай жағдайда бүлдіршіндердің көзін күннен қорғайтын көзілдірік емес қалпақ пен панама киген дұрыс. Ол тек жанарды жасырып қана қоймай, көздің дем алуына да мүмкіндік береді.

Суға түсерде абай болыңыз

Баланың терісі ересектерге қарағанда жұмсақ әрі жұқа болады. Үлкендер күнге күюде шыдамдырақ болса, кішкентайлардың терісін тіпті он бес минут өткен соң қызарып, күйік шалуы мүмкін. Сондықтан ұлыңыз бен қызыңызға жаздыгүні абай болыңыз.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*