Балаңызға дұрыс ойыншық таңдаңыз

Дүкен сөрелеріндегі көздің жауын алатын алуан түрлі ойыншықтар балалар түгілі ересектерді де баурап алатыны сөзсіз. Оның бағасына да, сапасына да қарамастан бірден бүлдіршіндерімізге сатып алып береміз. Бұл дұрыс емес дейді психологтар. Алдымен ойыншыққа ойыншық деп емес, оны бала тәрбиесіне көрсететін құрат ретінде қарау керек.

Балаңыздың ойнайтын ойыншығына көңіл бөлу

Ойыншық баланың көңілін көтеріп қана қоймайды. Сондай-ақ оның сана-сезімін сергітуге көмектеседі. Алайда үлкендер ойыншыққа ойыншық қой деп немқұрайлылық танытады. Тіпті көп жағдайда немен ойнау керектігіне де мән бермейді. Сонымен бірге ойыншықты баланы алдау мен көңілін жұбату үшін ғана пайдаланады.

Ойыншықтар бала денаулығына қауіп төндірмейтіндей болсын

Мара Елемесқызы, психолог:

«Халық даналағында «ойнай білмеген ойлай да білмейді» дейді. «Ойында озған, өмірде озады» деп жатады. Осы сөздердің сырына жүгінсек, біз 5-6 жастағы балақайлардың біз ойын арқылы сөйлеу тілін, олардың достарымен қарым қатынас жасауына және де мінез-құлықтарының дұрыс қалыптасуына үлкен көмек көрсетеміз».

Әр ойыншыққа зер сала қараңыз

«Баланы жастан» дейтін қазақ бүгінгі таңда баланы балабақшадан деуге мәжбүр. Бұл заман талабы. Бүлдіршіндеріміздің көп уақыты мектепке дейінгі мекемеде өтетіндіктен, оның қандай ойыншықтармен ойнайтынына аса мән берген жөн».

Балалар ойыншықпен ойнай білуі тиіс

Алмагүл Омарова, әдіскер:

«Қазақта бала ойын арқылы өседі» деген дана сөз бар. Ал ойын не арқылы жүзеге асырылады? Әрине алдымен ойыншық екені бесенеден белгілі. Ойыншықтардың қазіргі уақытта түрлі – түрлісін сатып алуға болады. Бірақ та бұл ойыншықты қалай дұрыс таңдау керек? Оның балаға қандай әсері болу керек деген кезде ата-аналараға үлкен кеңестер қажет болып жатады. Біз балабақшаға ойыншықтарды таңдап алған кезде ең алдымен оның сапасына мән береміз. Яғни, баланың денсаулығына, өміріне қауіп төндірмейтіндей болу қажет. Одан кейін бояуларының барлығы сапалы болу керек. Бала кез келген нәрсені тістеп немесе қолымен ұстап көреді. Сондықтан бояуларының да денсаулыққа зиян болмағаны жөн».

 

Ойыншықтардың жасалуына, безендірілуіне, бояуына да назар аударған жөн

Жас баланың қызығушылығында шек болмағандықтан, оларға ойыншық таңдау да оңай шаруа емес. Қазіргі қаптап тұрған небір ойыншықтар бала түгілі үлкеннің өзін бір сәтке баурап алады. Несімен? Әрине сыртқы безендірілуімен. Әшекей келіскен сол керемет ойыншықтар балалардың тәрбиелік, танымдық көкжиегіне өз септігін тигізе ала ма? Тигізсе, қандай тұрғыда деген сауалдарға жауап алып барып, бүлдіршініңізге ойыншық алғаныңыз абзал.

Ойыншықтардың жасалуына, безендірілуіне, бояуына да назар аударған жөн

One Comment

  1. Марина

    Шынымен де, ойыншықты қарап, ішіне үңіліп жатпаймыз гой. Егер анықтап қарайтын болсақ, әр ойыншық тәрбиелік маңызға ие. СОндықтан өзіміздің ұлттық ойыншықтар шықса екен, ана қытайтын сасып кеткен ойыншықтарын сатып алғанша.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*