БАҚ қызметкерлері ерлеген күн

28 маусым! Ең төменгі тап пен билік басындағылардың арасындағы  алтын көпір саналатын журналистердің, жалпы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің ортақ мерекесі. Бір күн жұмыстан босап, өздерінің де құрметке, марапатқа лайықты екендігін сезінетін күн.

Тілшілер бас қосқанда

Алайда мереке деп, екі қолды бос қойып қарап отырған әріптестер болмады. Есесіне бүгін тіпті жұмыс қауырт болып кеткен сыңайлы.  Әдеттегідей, қолдарына микрафонын ала сала, түсірілімдерге шығып жатыр, енді бірі келіп жатыр. Ал біреуі кешкі жаңалықтарға үлгеру үшін сюжетін монтаждап әуре. Сонда да мен бір мезет жас та болса, қаламы ұшталған, қадамы шыңдалған, талабы таудай арнамыздағы жас тілшілер туралы жазуды дұрыс санадым.

Әріптестермен бірге

Жас тілшілер.  Ең алғашқы мектеп, алғашқы баспалдақ. Алғаш қолға микрафон ұстап, ізденіс әлеміне енетін шақ. Бәрі таңсық, бәрі жаңа. Қызық әрі қиын. Мұндай кезеңнен барлық тілшілер өткені рас. Біреу үшін бұл ерте немесе оңай, енді біреу үшін кеш және қиын өтуі мүмкін. Десек те, алғашқы мектептен барлығымыз өтудеміз. Соның бірі арнамыздағы жас та болса, талапты жас тілші Мақпал Ибрагимова.

Негізгі мамандығы тарих пәнінің мұғалімі бола тұра, өз қабілеті мен қызығушылығының арқасында қаламын ұштап жүрген жорналшы. Мақпал осы саладағы қиындықтардың біразымен бетпе бет келіпті. Оң немесе сол қолына микрафон ұстауды, касетада түсірілген видеоның көрсеткішін белгілеу мен дұрыс сұхбатты орналастыру- мұның бәрі біздің кейіпкеріміздің алғашқы үйренгендері.

Батыл қыз — Мақпал

Алайда Мақпал өз ісіне беріле, мамандығын жақсы көре түсті. Әлеуметтік, проблемалы мәселелерді көрете отырып, діни тақырыптарды қозғай білді. Ол еңбегі еш кетпей 2011 жылдың ең үздік жас маманы атанды.

«Мен үшін ол нағыз сын болды. Байқау бірнеше бөлімнен тұрды. Шынымды айтсам, бұл мен үлкен жарысқа жеке түскен ең алғашқы жарысым екен»,- деп, есіне алады Мақпал.

«Дидар» сыйлығының иегері

Журналист боламын деген адам ештеңеден қорқып немесе басын бұғып қалмауы тиіс деп есептейді Мақпал. Оның ойынша, қандай жағдай болмасын, өз алған бетіңнен айнымай, көзқарасыңнан таймай, дегеніңе жету үшін соңына дейін тұру керек. Ал ұялып қалған адамның қолынан журналистік қызмет атқару келмейді.

Айтқандай, биыл Мақпал байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнінде облыс әкімінің қолымен табысталған «Дидар» номинациясына ие болды. Әрістесімді жеңісімен шын жүректен құттықтаймын!

3 Comments

  1. — Негізібіз біле бермейтін журналистиканың, журналистердің қырлары көп ғой. Мерекелері құтты болсын!Меніңше, олардың жұмысы қызық сияқты.

  2. Мақпал ИБРАГИМОВА

    — Рахмет, Махаббат. Мақалаңды оқып, көңілім бір семіріп қалды. «Дидар» сыйлығы талабы таудай әрбіріңізге бұйырсын! Менің бұл сыйлыққа қол жеткізуім Сіздер секілді тату әріптес, айнымас достардың арқасында мүмкін болды деп білем.

    • Махаббат Абдешова Махаббат Абдешова

      Рахмет Сен бул марапатты еңбекқорлығың мен талабыңның арқасында алдың деп ойлаймын! Жарадың!Әрине әрбірімізге жұғысты бола берсін!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*