Астананың құрдасы-Нұрсұлтан 14 жаста

Астананың құрдасы — Нұрсұлтан 14 жаста. Дәл осы тақырыпта қалалық әділет бөлімі мен №2 перзентхана ұжымы куәлік тапсыру рәсімін өткізді. Осыдан 14 жыл бұрын осы перзентханада туылған Жолдасбек Нұрсұлтан дүние есігін жаңа ашқан жас сәби Іңкәр Ерназарқызына туу туралы куәлігін салтанатты түрде тапсырды. Айта кетейік, 1998 жылы 6-шілде күні Шымкент қаласында 24 сәби дүниеге келген екен. Бүгінде барлығы да денсі сау, ата-анасымен ғұмыр кешіп жатқан ұл-қыздар. Ал Елбасының аттасы Нұрсұлтан бүгінгі таңда қаламыздағы №56 мектепте тәлім-тәрбие алуда. Болашақта әскер сапында қызмет етуді армандайды. Ендігі арманы ел ордасын көзімен көру.

Астананың құрдасы, Елбасының аттасы -Нұрсұлтан анасымен бірге

Нұрсұлтан Жолдасбек, Астананың құрдасы: «Арманым бас қаланы көзбен көру. Жетістікке жету, жақсы оқу. Есімімді Елбасымен аттас қойған соң, елеулі азамат болғым келеді. Сол үшін тырысып бағудамын. Артымнан ерген іні-қарындастарыма үлгі боларлықтай халқымның ұлы болғым келеді.»

Нұрсұлтанға қазақтың қара домбырасы сыйға тартылды

Жылдан жылға көркейіп келе жатқан елдің ордасы-Астананың еңсесі биік болғай. Тек туған күнінде ғана емес, әрбір күні әрбір қазақстандықтардың мақтанышына айнала бергей.