Аптап ыстықта шөліңізді не қандырады?

Егер сізді аптап ыстықта шөл қысса, міндетті түрде сусын ішесіз. Мұндай жағдайда бір бөтелке су немесе шырынды бірден ішпей, бөліп ішкен дұрыс. Ал кешкі сағат 19 дан кейін оны да мүлдем қысқартыңыз. Сонда ұйқыңыз жайлы болып,  таңертең көзіңіздің алды да іспей, әдемі қалпыңызда оянасыз.

Шөл қысса шәй емес, су ішіңіз

Ауа райы жылы әрі құрғақ болса, квас ішіңіз. Табиғи сусын газдалғаннан пайдалы. Лимонадты жидек шырынымен алмастырыңыз. Шәй мен кофеден ыстық күні бас тартқан абзал.Олар жүрек тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады.

Ал шәйді тек таңғы ас кезінде ішкен дұрыс. Егер қаладан алшақ жерде болсаңыз, кисель дайындап алыңыз. Ол адамның шөлін өте жақсы қандырады.

Салқын квас таптырмас сусын

Аптап ыстықта қолдан дайындалған шырындар өте пайдалы. Шөліңді қандырып, көңіл күйіңді көтеріп, сергітеді, қажетті дәрумендердің орнын толтырады. Шырынның түсі ашық болған сайын, шөліңіз қанады. Дұрысы оған аздап су қосыңыз . Алайда шырынды өте қатты салқындатудан аулақ болыңыз.

Сүтті өнімдер де аптап ыстықта шөліңізді басады

Сүт және сүтті өнімдер. Шыжыған ыстықта бұл сұйықтықтарды ішу артықтық етпейді. Аздап су қосылған немесе майсыз сүт қан қысымын төмендетеді. Салмақ тастағысы келетіндерге таптырмайтын сусын. Алайда сүтті бірден тамақтанғаннан кейін ішпеңіз. Егер алыс жолға шықсаңыз, өзіңізбен бірге мұз салынған термос алып шығыңыз.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*