Алуа — білім грантының жеңімпазы!

Алуа Тұрлыбек — биыл қаламыздағы № 8 мектеп-гимназияны тәмамдаған. 1-сыныптан бастап білімге құштар болған ол бүгінде талай белестерді бағындырып үлгерген. Мектебінің мақтанышы! Мектеп басшылығының аузынан түспейтін ару бүгінде «Алтын белгіні» абыроймен ақтады. Ең бастысы, мектебінің, отбасының, достарының артқан үмітін ақтап, мәртебесін марқайтыт.

Алуа Тұрлыбек еліне еңбегі сіңгенін қалайды

«Алтын белгіні» ақтаған ару білім гранты жарық көрген басылымды көріп, қуанышы қойнына сыймай шаттанды. Себебі де белгілі. Білім грантын жеңіп алды.  Алуа қуанышты хабарды алғаш анасымен бөлісті. 11 жыл бойы оқыған білімін ақтағанына қуанды. Халықаралық қатынастар мамандығын таңдаған ол, еліне еңбегі сіңгенін қалайды. «Қазақстан экономикасының өзге елдерден көш ілгері тұрғанын қалаймын. Сол үшін жоғарғы дәрежеде білім алып, өзіндік үлесімді қосуым керек деп есетеймін. Толығырақ айтсам, менің басты діттеген мақсатым осы», — деген Алуаның көздерінен өзіне деген сенімділік байқалды. Әрине, білімге талпынған арудың сөздері өзіне жарасып-ақ тұр. 

Алуа Тұрлыбек: «Мен өте қуаныштымын. Бір жағынан сенімділік деген сенім болды менде. Ия, мен өзімнің білім грантын жеңетінімді сездім-ау шамасы. Еш уаымсыз жүрдім. Бір жағынан ата-анамның, тустарымның, құрбы-құрдастарымның демеп, қолдауынан да болар, сабырсыздық танытып немесе алаңдаудан бойым аулақ болды. Нәтижесінде, мынадай жеңіске жетіп отырмын. Ұстаздарыма алғысымды білдіремін, себебі сабақтарыңды жақсы оқыңдар, бұдан келешекте ұтылмайсыңдар, қайта ұтасыңдар. Көздеген межелі мақсаттарңа қол жеткізесіңдер!»- деп әрдайым құлағымызға құйып отырды. Ата-анам да әрдайым жанымнан табылып, ақыл айтып, бағыт-бағдар берді».

11-сыныпқа дейін мектептің үздік оқушысы болған Алуа әр жылы мақтау қағазымен мараптталған. Бүгінде ол көптеген облыстық, республикалық, қала берді халықаралық білім бәсекелерінің жеңімпазы. Алтын белгіні де абыроймен ақтады. Күлсін Қожағалиқызы перзентінің жеңісімен мақтанады.

Алуа ұстаздары мен ата-анасына алғысын айтады

Күлсін Қожағалиқызы, Алуаның анасы: «Алғашында қызымның білім грантын жеңді дегенде қуанышым қойныма сыймады. Көзіме жас алдым. Себебі, перзентімнің еңбегі еленгеніне қуандым ғой. Күнді — күн, түнді — түн демей кітаптан бас алмай оқыды. қызым, денсаулығыңнан айырыласың десем де, құлақ аспай білімге бет бұрды. Нәтижесінде, мектебінің және біздің артқан сенімімізді ақтады. Кішкентайынан өзге тілді білуге ынтызар болатын. Бүгінде аудармашы мамандығын таңдап отыр. Алматы қаласында оқитын болады. Әрине, енді Алуаны сағынатын боламыз. Бірақ білімге талпынған қызымның қанатын қаққым келмейді.  Болашақта Алуаның елінің дамуына  сүбелі үлесін қосады деп сенемін. Байқағаным, Алуаны қанша еркелеткенімізбен өзіне артылған жүкті жауапкершілікпен сезінеді. Ұстаздары да Алуаның болашығна сеніп отыр. Сондықтан, Алуама Алла жар болсын!»

Міне, осылайша Алуа Нұржаубайқызы бізге мақтаныш болып отыр! Алдағы уақытта да біздің ғана емес, Қазақсатнның мақтанышы болады деген сенім мол. Ендеше, алуаға тек жеңісті күндер тілейміз!

Бүгінде облысымызға 1624 білім гранты бұйырыпты. Оның 213-і химиялық-технологиялық факультетке түскендер. 257-сі — Құрылыс және көлік мамандығын таңдағандар. 210 талапкер – механика және мұнай газ ісі саласына тапсырған талапкерлер. Ал ауылшаруашылық мамандығын қалағандар саны – 336 -ны құрап отыр екен.

 Қанат Байболов, ОҚМУ-дің  оқу ісі ақпараттық технологиялар жөніндегі проректоры: «Дәл осыдан бірнеше жыл бұрын талапкерлер заң және қаржы — экономикалық мамандықтарға қызығушылық танытқан болатын. Салдарынан жұмыссыз жастар қатары қалыңдаған. Енді міне бүгінгі тапкерлердің басым бөлігі техникалық салаға құжат тапсыруда, мейлі ақылы бөлім болсада. Сондай-ақ бұл салаға биыл білім гранты да көп бөлінген. Себеб, қазіргі заман сұрасынысы».

P.S. Бүгінде ЖОО-на түсу науқаны жүріп жатыр. Ұзын сонар кезекке тұрып, білімін жетілдірмен деуші жастар жетерлік. ЖОО-ға құжат тапсыру науқаны 25-тамыз күні кешкі сағат 6-да тоқтатылады. Ендеше, құжат тапсырған жас талапкер 2 күннен кейін студент атанады. Жаңа өмірге жол бастайды.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*