«Алтын белгіге» қол жеткізгендер

«Алтын белгі» иегерлерінің қуанышты сәті

Талапкерлер үшін абыржулы да қобалжулы күндер артта қалды. Көптен күткен ұлттық біріңғай тестілеу аяқталып, аудан, қала, облыс бойынша білім  көрсеткіштері анықталуда. Оңтүстік Қазақстан облысының білім сапасы қорытындыланып, облыс аумағы бойынша үздіктер мен ең төмен көрсеткішке ие болғандар белгілі болды.

Білім басқармасының бастығы «Алтын белгі» белгісін тағуда

Бұл кеш өзгелерден үздік шығып, ұсынылған белгіге лайықты екендіктерін дәлелдеген күн. Қаламыздағы сұлу көрініске ие «Шәмші» аллеясында облыс әкімінің Асқар Мырзахметов «Алтын белгі» белгісін ақтап шыққан талапкерлерді салтанатты марапаттау кеші өтті. Сонымен қатар облыстық білім басқармасының бастығы Альбина Елшиева да қолпаштауда. Қуаныштары қойнына сыймай, жүректері алып ұшқан озаттар облысымыздың түкпір-түкпірінен жиналды.

Облысымыздың мерейін асырып, ұстаз бен ата-ананың үмітін ақтап, білімін дәлелдеп шыққандарға облыс әкімі өз қолымен гүл шоқтарын ұсынып, білімділіктің белгісі болған алтын төсбелгіні тақты.

Ақбота Сарғар

Биыл облыс бойынша 1483  оқушы «Алтын белгіге» үміткер болса, оның 283 — і ғана артылған үмітті ақтап шыққан. Солардың арасында көш бастап тұрған Шымкенттің де  71 түлегі бар.

Марапаттау сәтінен кейін

Жалпы білім сапы бойынша облысымызда Кентау мен Шымкент және Түркістан қалалары алдыңғы орында. Ең төменгі көрсеткішке ие болғандардың көшін Сарығааш пен Қазығұрт және Шардара аудандары болып отыр. Ал облысымыздың орта балы 66, 89-ға тең.

Қуанышты сәттің басты кейіпкерлері

Биыл облыс бойынша 39645  түлек мектепті бітірсе, оның 26112 -сі ҰБТ тапсырған. «Үздік атттестатқа» үміткер 1156  түлектің 67-сі өз білімін дәлелдеп шыққан.

Өз білімін дәлелдеп шыққандар

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*