Алманың пайдасы көп

Қызыл алма, көк алма, сары алма. Алманың қай түрі болмасын адам ағзасына тигізер пайдасы орасан. Алманы баршамыз жақсы көреміз. Ал алмадан дайындалған тәтті бәліштер ді сүйсіне жейтініміз жасырын емес. Дәл осы алма қайнатпаларын да, шырындарды да күнделікті ас мәзірінде пайдаланамыз. Алайда осы жеміс жайында не білеміз? Ия, көп біле бермейтініміз бар. Сондықтан Сіздерге алма жайында толығырақ жазуды жөн көрдік. Жер шарында бұл алмалардың 36 түрі белгілі. Алайда тек 10-нан астамының ғана шаруашылық маңызы бар.  Негізінен, алманың Отаны — Орталық Азия. Уақыт өте келе алманың түр-түрі осы жерден Египетке жіне Палестинаға жеткізіле бастаған. Біраз, яғни кейінірек Ежелгі Грекия жерінде, Римде, Еуропада да алма пайда бола бастаған екен. қазақстанда алманың «сиверс», недзвецкий», қырғыз алмасы өседі. Алманың өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл аралығында болса, алма ағашының биіктігі — 3 — 10м. 3-12 жыл ішінде жеміс бере бастайды.

Алманың адам ағзасына пайдасы орасан

 

Ал алманың құрамында  алма қышқылы, май, шекер, силлолоза, таннын қышқылы, алуан түрлі дәрумендер, минералды заттар мол. Мәселен, 1 алманың құрамының 83-88 пайызын су , 7,5-16 пайызын қант, 0,2-0,5 пайызын қышқыл, 9,5-18,5 пайызын құрғақ қалдық,  0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар құрайды. Сондықтан, көп тұтынған жағдайда ас қорыту жүйесін дұрыстап, ағзаны тазалайды. Асқазан және көкбауырды әлдендіріп, бетіңіздегі қара дақтардан арылтады. Қан бұзылу, жүрек ауруларында көп қолданады. Айта берсең, сөз жетпейтін дәруменге толы алманы қытайлықтар көп тұтынатын көрінеді.

Алма — ағзаға пайдалы табиғи өнім

Біле-білсек, алманы арықтау үшін жейтіндер де бар. Себебі, денеңіздің сымбатын сақтауда атқаратын рөлі ерекше. Аздырып қана қоймай, сол қалыпты ұстап тұратынын айта өтейік. Анығырақ айтсақ, тамақтанар алдын — небәрі 15 минут бұрын бір дана алма жеген жағдайда, әрине, Сіз 190 килокалорийден міндетті түрде арылатын боласыз! Бұл арықтағысы келетін аруларға күтпеген, тамаша тарту!

Бұл аз десеңіз, теріге де тигізер әсері зор. Құрамындағы С дәрумені балғындық пен жастықты сақтап қалады. Ылғалдандырып, жұмсартып әжімнің түсуіне жол бермейді. Жеміс қабығының құрамындағы  эфир майы да ағзамызға таптырмас емдік май. Алайда, айта өтетін бір жәйт бұл алмаларды Сіз базардан немес дүкеннен сатып ала алмайсыз. Бауыңызда өсіп тұрған ағаштан теріп алуыңыз міндетті. Сол алмалардың қабығында ғана эфир майы кездеседі. жаңа технология көш ілгері дамыған заманда, құрамында алманың табиғи жұпар иісі бар иіссулар да өндіріледі. Егер, дәл осы әтірді пайдалансаңыз, Сіздің теріңіз нәзік әрі жұмсақ, балғын қалпымен ерекшелентін болады.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*