Алғашқы түлектеріне диплом табыстады

Жағымды жаңалық! Оңтүстік өңіріндегі тек ұстаздар даярлайтын жалғыз жоғарғы оқу орны — Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты алғашқы түлектеріне диплом табыстады. Бүгінгі күні 3000-ға тарта студенттері бар ауқымы кең оқу орнын 340 студент бітірді. Оның 40 түлегі қызыл диплом иеленді. «Ең бастысы біз абыройлы институттың дипломын алдық, енді аянбай елге қызмет етеміз» деген түлектер сөзі нық шықты. Осы орайда оқу орнының ректоры Оңалбек Аяшев та ақ тілегін білдіруді ұмытпады.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының бірінші түлектері диплом алды

Айгерім Қалдарбекова, ОҚМПИ-дің түлегі: «Мен бүгін қызыл диплом алып отырмын. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Енді бұл қызық диплом — 4 жыл бойы алған білімімінің жемісі деп білемін. Сондықтан алдағы уақытта елімнің ертеңі, болашағы үшін аянбай еңбек етемін. Сөз соңында айтарым, Қазақстан деп аталатын Отанымның дамуына нендей болса да үлес қосуды көздеп отырмын».

Нұрсұлтан Тукебаев: «Ия, расында да бүгінгі күн — ерекше күн мен үшін. Себебі, 4 жыл бойы өзім күткен қызыл дипломға қол жеткіздім. Енді осы өзім жұмыс жасап, отбасымды асыраймын. «Еңбектің наны тәтті» демей ме қазекең?! Десе де дәл қазір анда немесе мұнда жұмысқа кіремін деп айта алмаймын. Алдағы уақытта түйіндемемді таратып, сол бойынша жұмыс іздейтін боламын. Келер күннен күтерім көп. Сондықтан, алған білімімінің дәлелі ретінде, шәкір тәрбилеп, міндетті түрде нәтижесін көрсетемін».

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының бірінші түлектері диплом алды

Сәулеш Тілеуова, куратор: «Менің көңілім босап отыр. Себебі, 4 жыл бойы көзалдымда оқып, білімдерін жетілдіріп отырған жастар бүгінде — жас маман болып, оқу ордасынынан түлеп ұшып отыр. Әбден бауырбасқан студенттерімді әрине қимаймын. Десе де жиі-жиі келіп тұрамыз, сіздерден алған білімімнің нәтижесін көрсететін боламыз, деп өім оқытып-тәрбиелеген шәкірттерім жұбатып жатыр. Осыларға қарап отырып, өзімнің де мектепті, жоғарғы оқу орнын тәмамдаған шақтарым ойыма оралып отыр. Бұл да болса өмірдегі маңызды қадам жасауға жолдама береді ғой. Сондықтан студенттеріме ақ жол тілеймін!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*