Алғашқы сессия қалай өтті студент?

Студенттер емтихан кезінде
Студенттер емтихан кезінде

Бірінші курстың алғашқы сессиясы. Студенттік шаққа қадам басқан жастың алғашқы сынағы бұл. Еліміздегі жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын студенттер 7-8 пәннен емтиханды қалай тапсырды?

Дінмұхамед Қанатұлы жеңіл және тамақ өнеркісібі факультетінің бірінші курс студенті. Бүгін ең соңғы емтиханды тапсыруда. Мектеп қабырғасында үнемі мұғалімнің айғайымен сабақ оқысақ, студенттік шақта өзіміз үшін кітаптан бас алмадық. Сондықтан сынақ тапсыруда қиындықтардың да аз болмапты. Алайда қорытынды жаман емес. Сынақ кітапшасына орта балдық есепте төрт деген баға қойылған. Бұл түнімен тестке дайындалғаннна нәтижесі дейді кейіпкеріміз.

Студенттердің сынақ кітапшасы
Студенттердің сынақ кітапшасы

«Студенттік шақтағы ең алғашқы сынақ болғандықтан өте қатты қобалжыдық. Түнімен ұйқтамаған сәттеріміз  де болды. Өйткені жаңа пәндерді игеріп, оалрды меңгеріп, мұғалімге жеткізе білу де оңай емес. Сондықтан емтихан тапсырған әрбір пән есімде мәңгі қалатын шығар. Соңғы сабақтан сынақ кітапшамызға бағамызды қойдырғанша тынышымыз кетіп, тек содан кейін мойнымыздан жүк түскендей болды» .

Ал бір топ жас болашақ тіл мамандары бірінші курста тіл заңдылықтарын игеріп, жаңадан қосылған пәндерді меңгеруде көп тер төгіпті. Сынақтан өтіп, жұлдызы жанғандар мен уақытын күтіп, дайындалған да да бар. Ал ұзақ уақыт бойы мұғалімнің алдынан шыға қоймаған Мадиярдың бұл жолы айы оңынан туды. Өйткені жаңа орта, өзгеше сабақ оқу жүйесі, бейтаныс жандар  Мадиярға әсер етпей қоймады. Бірінші курстың алғашқы сынағынан өту оңайға түспеген студент алайда көз қорқықтыққа салмапты.

Сессия студенттердің бас ауруы
Сессия студенттердің бас ауруы

«Басыеда тіпті кей сабақтар бойынша сынақтан өте алмай қалам б деген қорқыныш болған. Тіпті қорыққан сәттерден сұрақтың жауабын білі птұрып, жауап бере алмай қалған сәттер де болды. Бірақ көз қорқақ, қол батыр» деген осы болары. Дайындалып, тест сұрақтарын қайталап келдік. Емтиханға кірдім де, барлық сұрақтара жауап бердім. Өте қуаныштымын»,- деп, қуанышымен бөлісті ол.

Ия, бірінші сынақ осылай өте шықты. Алғашқы емтихан тапсыру қай студенттің болмасын, өмірінде маңызды болып қала бермек. Дәл осы кезеңде қайталанбас қызықты оқиғалар да орын алып жатады. Ал сен үшін қалай өтті? Ойыңмен бөліс, замандас?

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*