«Айырмай ақ пен қарасын, жастарым қайда барасың?»

Жастар және дін. Дәл осы тақырып жастарды қатты толғандыруда. Діни сауатсыздықтың кесірінен, өзге діннің етегіне шырмалып, өз дінін өзге елдің дәстүрімен шатастыруда.

Мойындау керек, намазға жығылдым деп, ата-анасының тәрбиесін менсінбейтіндер басым. Исламда әркімнің діні жүрегінің түсбінде болу керек деген сөз бар. Ал біздің замандастар мұны шатастырып алғандай.

Қыздарымыздың имандылық тәрбие алғаны дұрыс-ау, бірақ, арабтың үрдісімен қара жамалып, оранып алғаны біздің салт-дәстүрге жат дүние.

Дәл осы арада жастармен етене араласып жүрген, Қалыбекова Асма Ахметқызының пікірін сіздерге ұсынғанды жөн көрдік. Ұрпағының өзге діннің етегіне оралып, өз дінін өзегінен теппесін десек жастардың діни сауаттылығын арттыруымыз керек дейді бізге берген сұқбатында.

Асма Ахметқызы жастардың түзу жолда болғанын қалайды

Асма Қалыбекова, ҚР ГҒА академигі, п.ғ. докторы, профессор: «Қазақ қызын ардақтаған халық. Барын беріп, төрге шығарып, құрмет тұтөан. Ал енді келіп, олардың хиджаб жамылып алғанына өз басым қарсымын. Бұл біздің дәстүрге де, қазақи тәрбиеге де жат. Мен олардың намаз оқығанына қарсы емеспін, тек дәстүрді дәріптегенін қалаймын. Бүгін өзге елдің ережесімен оранған ару, ертеңгі ана атанары хақ. Сонда ол баласын қалай тәрбиелемек? Міне, осы сауал мені қатты толғандырады».

Жастардың бойына қазақ халқының дәстүрін сіңіріп, рухани тәрбие берсек, ертеңіміздің иесі жастар есті болмақ. Дәл осы мақсатты ұстанған Асма Ахметқызы үш тілде кітап шығарған.

Асма Қалыбекова, ҚР ГҒА академигі, п.ғ. докторы, профессор: «Жастар үш тілді білсе жарылмайды. Қайта көшке ілеседі. Қазақ болып, көзі сықсиып туылған соң ана тіліңді білуге, оны құрметтеуге міндеттісің. Ал орыс тілі қашанда керек. Ағылшын тілі бүгінгінің талабы. Сондықтан жастардың көп тілді біліп, өз тілін, дінін ардақтағанын қалаймын».

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*