11-қаңтар күні жақындарыңызға рахмет айтуды ұмытпаңыз!

Рахмет!!!!!
Рахмет!!!!!

Жақсылық жасауға жанымыз құмар болса да, кей-кейде сол жақсылыққа рахмет айтуды ұмытып кететініміз бар. Ал сол бір ауыз жылы сөздің өзі жанды жадыратып, көңілді марқайтып тастайтынын кеш ойлап қаламыз. «Алғыс айтпаппын ә» деп, артынан опынып жататынымыз жасырын емес. Міне, бүгін сол рахметті жақынға да, алысқа да, жақсыға да, жаманға да айтатын күн. Бүгін — бүкіләлемдік рахмет күні.

БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның бастамасынан туған атаулы мереке Еуропа мен Ресейде кең көлемде атап өтіледі. Алайда Қазақстанда әзірге бұл мерекені елеп-ескерушілер аз. Кішігірім акциялар болмаса, оған мән беріп жатқандар да жоқ. Тіпті, мұндай атаулы күннің барын екінің бірі біле бермейді. Бүкіләлемдік рахмет күнінде шетелдіктер ұлтқа, дінге, болмысқа бөлінуді тыяды. Бұл күні «рахметті» қай тілде де айтса да жарасымды. Өйткені сөз емес, ниет бағаланады. Психологтар, тіпті, ауызша емес, арқадан қағып, күлімдеп қарағанның өзі — алғыс білдірудің белгісі екенін айтады.

Соңғы кезде батыстың үлгі алар үрдістеріне емес, ат-тонымызды алып қашар әдеттеріне әуестеніп бара жатқанымыз рас. Таяуда ғана астаналықтардың тояттау күнін тойлап, жалаңаштану акциясын ұйымдастырғанына куә болдық. Неге еліктеп, неден үйренерімізді білмейтініміз жаман-ақ.

Тоят күнін тойлағаннан, ыстық ықыласымызды «рахмет» арқылы жеткізгеніміз жақсы емес пе? Әрі татуластырады, әрі жақындастырады. Бүгін рахмет айта жүруді ұмытпаңыз, ағайын!..

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*