Өзіңді сергек сезінудің әдістері

Күннің бірінші бөлігінде өзіңді сергек сезінгің келсе, ертемен салқын душ қабылдаған жөн. Су температурасы 20 градус шамасында болсын. Егер бұл сіз үшін суық болмаса, тағы да аздап салқындатуға болады. Бірақ мұндай жағдайда душқа түсу уақытын азайту керек.

Ыстық пен салқын душ қабылдап бір сергіп алыңыз

Ыстық пен салқын душты алмастыра отырып қабылдау адамды тез сергітеді. Ол әдісті душта жылы суды қосудан бастау қажет. Одан соң, шыдай алғанға дейін су температурасын көтеріңіз. Бұранданы жауып, он-он бес секундқа суық суды ағызу қажет. Сосын қайта салқын суды ыстық суға алмастырыңыз.

Душ қабылдау кезінде

Бұл әдісті бір емес, бірнеше рет қайталап жасаған дұрыс. Ал жаттығудың соңын суық сумен аяқтаңыз. Мұндай душ көңіліңізді жадыратып, қан айналым жұмысын жақсартып, целлюлиттің алдын алуда жақсы әсер етеді.

Әсіресе жуынатын және косметикалық заттарды таңдауда мұқият болыңыз. Косметологтар скраб мен пилингтер араласқан душқа арналған кремдер мен гельдерді қолданбауға кеңес береді. Есесіне құрамында май мен сүт бар тазалағыш құралдарды пайдаланыңыз. Күнделікті жуыну кезінде жұмсақ әрі синтетикалық езгіштерді пайдаланған жөн.

Душ қабылдап, демалыңыз

Есте ұстаңыз, табиғи материалдардан жасалған езгіштер аса күтімді қажет етеді. Әр кез жуынып болғаннан кейін оны қатты сығып, кептіріп қою керек. Отбасының әрбір мүшесінде жеке-жеке езгіш болған дұрыс. Оны кемінде жылына бір рет ауыстырып тұрған абзал.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*