«Әзіл өз мәртебесінен айырылуда»

Шымкентте «Әзіл әлемі» атты фестиваль дүркіреп өтті. Десе де Оңтүстік әртістері ойларына не түйді? Бұл күні  еліміздің белді әртістері мен жас өнерпаздары өнер көрсеткенімен, Алматыдан келген аға буын әртістер жас әртістерге бағасын беріп үлгерді. Олардың айтуынша, әзілдің мәртебесінің түсуіне жастар қауымы өзіндік үлесін қосатын көрінеді. Себебі, қазіргі жастар сатира жанры бойынша арнайы білім алып, оқу оқымаған деген пікірді алға тартқан аға буын әртістер осылай мәлімдеді БАҚ өкілдері алдында. Әрине, өңірдегі табиғи талантын танытып жүрген өнерпаздарға бұл сөздің ауыр тигені анық. Десе де арнайы білімі бар әртістер өз пікірлерін білдірді.

Нұржан Тұтов: «Әзіл арнайы білімі жоқ мамандардың ықпалымен мәртебесінен айырылуда»

Нұржан Тұтов, әртіс: «Ия, дәл қазіргі уақытта әзіл өз рөлін жоғалтып жатыр. Мұның басты себебі сол — арнайы білімі жоқ жас әртістер жұртшылықты күлдіреміз деп, сөздерінің астарына жете мән бермейді. Сондықтан, арзхан күлкінің арқасында мән-мағынасынан жұрдай жасанды әзілдер дүниеге келуде. Сол себепті, жастарға айтарым әрине, жеңіл де ауыр әзіл де керек-ақ. Десе де шектен шығуға болмайды. Әрбір айтқан сөздің астарында мазмұнды ақиқат жатуы қажеттігін шегелеп айтқым келеді».

“Әзілің жарасса , атаңмен ойна” демекші бұл күні өнерпаздар осылай елбасының дауысын да салып, күлкіге көмді көпшілікті. Орта Азия елдерінде алғаш рет өтіп отырған мәдени кештің Шымкент шаһарында өтуінің өзі орынды деп есептейді әзілкеш әртістер. Кеште жалпы саны 100-ге тарта өнерпаз жиналып, Оңтүстік тұрғындарын күлкіге қарқы қылды. Сонау Жапония елінен ат терлетіп келген әртіс Хико Ичи қазақ әзіліне бағасын берді. Ауқымы кең көңілді кеш өнерпаздардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ, әлем әзілдерінің рухани құндылықтарымен кеңінен таныстыруды көздепті. Бүгінгі шара – өңір өнерпаздарының өнер өлкесінде өрлеуіне үлесін қоспақ.

 Хико Ичи, Жапонияның әртісі: «Ия, мен расында да қазақ әзілкештерге тәнті болудамын. Әрбір әзілінің астарында ақиқат жатады. Сондай-ақ бұл әртістер әзіл мен мелодраманы қатар алып жүретенін көріп, қазақ театрынының өнерге кенде еметігін аңғардым. Ал Шымкенттің тұрғындарына келетін болсам, барлықтары ақ жарқын. Көздерінен нұр  шашылып, қонақжайлылығы бірден-ақ байқалады. Көрген бойда, қолымды алып сәлемдесіп жатыр. Сондықтан міндетті түрде алдағы уақытта да ат басын бұратын боламын».

Берік Тұрсынбеков: «Бұл атаулы шараның Шымкентте өтіп жатқаны орынды деп ойлаймын. «Өнер ордасы — Оңтүстік» деген сөз текке айтылмаған ғой. Мәселен өнер майталмандарының 85 пайызы осы өңірдің тумалары екені рас. Сондықтан Орта Азиядағы тұңғыш өтіп отырған шараның Шымкенттен бастау алғанының өзі — қаланың мәртебесін марқайтады. Шымқаланың  қасиетті мекен екенін бәріміз  білеміз. Талай театр тарландары, сахна саңлақтары  осы қаладан түлеп ұшқан. Сондықтан, ешкімнің мұндай мәртебеге ие болуында таласы жоқ шығар?! Ал мына шет елден келіп, қазақ өнерімен танысып отырған өнерпаздардың барлығы да жергілікті әртістердің әзіліне таң-тамаша болуда. Бұл дегеніңіз — әлем әзілінің  қазақ әзіліне деген қызығушылының артқанын білдіреді. Ал бұл — қазақ театрының даму-дәрежесін айқындайды».

Күлия Айдарбекова, ОҚО мәдениет басқармасының бастығы: «Мұндай маңызды, елеулі шаралар Оңтүстікте  жетіп-артылады дегеннің өзінде, бұл фестивальдің атқарар рөлі ерекше. Олай дейтін себебіміз, әзіл-сықақ театрының өзі Қазақстан бойынша жалғыз десек, бұл байқау да бірінші рет өңірімізде өтіп отыр. Бұл біздің облыстың әрдайым алда жүретінін көрсетеді. Бүгін осыны тағы да дәлелдедік».

 

 

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*