Әскер балалар жанарымен

Ішкі істер министрлігіне қарасты 6506 әскери бөлімінде «Республикалық Әскер балалар жанарымен» атты акциясы болып өтті. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты-оқушыларды әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеу және отансүйгіштікке баулу. Іс шараға қаламыздың 74 мектебінің түлектері қатысып, әскер өмірінің 1 күнімен танысуға мүмкіндік алды.

Оқушыларға жауынгерлік қамтамасыз ету ротасының барлау взводының сарбаздары өздерінің әскери дайындық деңгейін көрсетті. Қоян-қолтық төбелес және өзін-өзі қорғау жаттығуларын көрсету кезінде сарбаздар өздерінің білгенін паш етіп, балаларды қызықтыра білді. Алайда, жауынгерлердің айтуынша мұндай өнер көрсетіп, жаттығулардың барлығын игеру үшін көп тер төгіп, барлық қиындықтарға төзу қажет екен.

Акцияға дайындалу сәті
Акцияға дайындалу сәті

Акция соңында мектеп оқушылары арасында спорт түрлерінен жарыс өткізіліп, жеңімпаздар арнайы мадақтауға ие болды.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*