Әйгерімнің келер күннен күтері көп…

Әйгерім Әшімова — № 4 «Сайрам» балалар үйінің тәрбиленушісі. Болашақта еліне еңбегі сіңетіндей мамандықты таңдауды көздеп жүрген ару. Тек қана болашаққа сенеді. Достарының арасында да абыройға ие. Әйгерім бұл Оңтүстік өңірінің 80 жылдық мерейтойы қарсаңындағы қайырымдылығы мол шара — цирк қойылымына келіпті. Таңдана тамашалаған қойылыымдардан алған әсерін бөлісті бізбен…

Әйгерім Әшімова цирк әртістеріне тәнті болғанын жасырмады

Әйгерім Әшімова, № 4 «Сайрам» балалар үйінің тәрбиленушісі: «Біз бүгін циркке № 4 бабалр үйінің балалары болып – бір жанұя болып келдік. Біз өте қуаныштымыз бізге көңіл бөліп, қуантқаны үшін. Алғысымды білдіремін! Өте қызық болып жатыр. Бізге жұмбақ сыйқырларын көріп, таң қалып отырмыз. Әсіресе екі сайқымазақтың қойылымы қатты ұнады. Бір үстелге таласып, әзілмен ойнаған актерлік қабілеттерін айтсаңшы! Тұнып тұрған таланттарна қарап күлмеске лаж жоқ. Керемет! Барлығымыз ішек-сілеміз қатып рахаттана күлдік қой! Ресейден келген арнайы цирк те бізге сыйқырларын көрсетуде. Әуеде қалықтай билеген билеріне қарап қызығып отырмыз. Таң-тамаша болғанымызды жасырмаймыз. Алайда бұл өнерпаздарға тағы да шексіз алғысымды білдіріп, шығармашалақтарына табыс тілеймін! Ал бүкіл Оңтүстік тұрғындарына айтарым, 80 жылдық торқалы тойымыз құтты болсын. Тарихи мекеніміздің мерекесі бәрімізге ортақ. Сондықтан бәріміздің мерекені сезінуіміз дұрыс деп есептеймін. Бізді барлығымен тең көретін қоғамға рахметімді айтамын. Ал болшақта еліме еңбегім сіңетінде маман болуыд қалаймын. Қазақстанның гүлденуіне өзіндік үлесімді қосуды — міндетім деп білемін».

Алғысын білдірген ару әсіресе цирктің әртістеріне риза болғанын айтады. Сайқымазақтардың шоуы ерекше ұнағанын ашып айтты. Тек Әйгерім ғана емес, келген балақайлар да бұл қойылымды қайта тамашалағысы келгенін жасырмады. Көптің ерекше ықыласына ие болған сайқымазақ рөлін сомдаған талантты әртіс Бауыржан Бекберген болатын.

Цирк әртістері сайқымазақ қойылымымен есте қалары анық

Бауыржан Бекберген, цирк әртісі: «Біз мұнда ешқандай қаражат талап етпей, тегін өнер көрсетіп жатырмыз. Мұндағы мақсатымыз – бұл балалардың жабырқау көңілін көтеру. Қоғамда өзіндік орны бар екенін сезіндіру. Бар өнерімізді ортаға салдық. Себебі, жүздерінен күлкі көру үшін. Сондықтан болса керек, жиналған балалардың барлығы да біздің қойылымымызды қайта қоюымызды өтінді. Олардың айтуынша, барлығының көңілінен шығыппыз. Бұл – біз үшін үлкен құрмет! Өнердегі жеңіс!  Ешқашан бұлай қуанып көрмеппін. Олармен бірге қуанып, олармен бірге шаттанудың өзі бізге ерекше серпіліс сыйлағанын айтқым келеді. Алайда басты мақсатым орындалғанына қуанып, толғанып отырмын. Ең бастысы, осы бүлдіршін-жеткіншектердің жанын жадаратқаным үшін өзімді шебер әртіс санап, марқайып тұрғаным тағы бар. Десе де мен рухани парызымды орындадым деп білемін».

Әйгерім Әшімова осылайша қайырымдылық жасаған әртістерге мың алғысын білдірді. Алған әсерін де көпшілікпен бөлісті. Әрдайым достарының көңіліне қарап сөйлейтін ол, ешқашан өзгеге қатты сөйлемеуді әдетке айналдырдым дейді. Өмірдің өзі осы бір сезімталдықты талап еткендей ме дерсің… Қалай болғанда да жүзі жылы арудың сөздері терең оймен үндесті. Сондай-ақ тағдырдың бей арнасын бастан өткергенімен, келер күннен күтері көп. Ендеше, Әйгерімге сәттілік серік болғай деп тілейміз!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*