Әдемі әшекейлердің әйел затына әсері көп

Сұлулыққа жаны құмар арулар әшекей бұйымдарды көргенде, еріксіз сатып алып жататыны жасырын емес. Бүгінде қоғамды сулулық пен сезімге бөлеп жүрген әйелзатының бұл ерке-назы да орынды. Себебі әшекейлер арулардың нәзіктігін арттырап қана қоймай, ерекше серпін-өзгеріс сыйлайды.

Анығырақ айтсақ, сулулығына өз септігін тигізеді. Психолог мамандардың айтуынша, әдетте әдемі әшекейлерге құмар арулар өз-өзін құрметтеп, өзіне ғашық жандар болып келеді екен. Әрине, әйел адамдарының өз-өздеріне сеніммен, өзгелерден озық санайтыны маңызды. Сонда ғана өмірге деген құштарлығы арта түседі. Сондай-ақ өз ортасында да абырой-беделі, мәртебесі марқаяды. Ғалымдардың пайымдауынша, нәзікжандылардың сырға, алқа, сондай-қ таңдаулы да сәнді әшекейлерге қызығуы – әйелдің өмірге деген көзқарасын ғана өзгертіп қана қоймай, қоғамдағы рөлін де анықтайды. Яғни жоғарғы дәрежеге көтереді.

Көгілдір гауһар тасты алқа

Мәселен, аспан түстес көк түс әрбір адамға көтеріңкі көңіл күй сыйлайды екен. Сондықтан, арулар бірден көзі шалатын түсті таңдап, өздеріне ерекше көзқарас қалыптастырады. Сондай-ақ аталған түс адамның нәзіктігін, еркелігін, сыпайылығынан сыр шертеді. Арманшыл, көңілі қар шалмаған бейнені сомдайтыны соншалықты көзге де ерекше екпінмен түсіп, есте тез сақталады.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*