Ә.Нұршайықовтың романын сүйіп оқитын студенттер

Жасөспірімдер кітапханасында Ә.Нұршайықовтың 90 жылдық мерейтойы тойланды

Ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға деп, махаббат сезімін жырлауда ерекше орны бар жазушы Әзілхан Нұршайықов 90  жаста. Оңтүстік Қазақстан облыстық жасөспірімдер кітапханасында жазушының мерейтойына арналған әдеби кеш өтті. «Менің дінім- махаббат, тәңірім- әйел» деп жырлаған Нұршайықов әсіресе жастардың жүрегінен орын таба білген.

Студенттер жазушының ромынының үзіндісін сахналады

Әдеби кеште студенттер жастардың сүйікті шығармасына, ғашықтардың піріне айналған «Махаббат, қызық мол жылдар» романының үзіндісін сахналады. Рөльді сомдаған кейіпкердің бірі  Жанар Ябаева үшін майдангар жазушының шығармалары ерекше. Оның әрбір туындысын жүрегімен қабылдайтын ол кітаптың жастарға берері мол деп біледі.

Жазушы туралы айтылған естеліктер

«Бүгінде жастар қатігезденіп кеткендей. Махаббат сезімін де дұрыс бағаламайды, оның барлығына күмән келтіреді. Сондықтан да олар осындай романтикаға толы, лирикалық жанрдағы Нұршайықовтың кітаптарын көбірек оқыса екен деймін. Өйткені оның шығармаларын ои отырып, барлық жайтқа бей-жай қрау мүмкін емес»,- дейді Жанар.

Кешке жоғары оқу орнының студенттері мен газет раедакторлары, журналистер қатысты. Кітап құмар жастар оған арнау арнап, «Махаббат қызық мол жылдар» романы бойынша  пікірлерімен бөлісті.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*