Қазақтың тұңғыш мультфильміне — 45 жыл

Қазақтың тұңғыш мультфильміне — 45 жыл

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі талай буын өкілін қайырымдылыққа, достыққа, адалдыққа тәрбиеледі. Өсірді. Өміршеңдігін әлі күнге дейін жойған жоқ. Жоймайды да. Картинаның режиссері қазақ анимациясының негізін салушы — Әмен Қайдаров. Мультфильм 1967 жылы халық ертегісі негізінде салған сурет бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында жасалған. Мультфильм жасауға бес адамнан тұратын шығармашылық топ кіріскен. Музыкасы белгілі сазгер Нұрғиса Тілендиевке тапсырылды. Қазақтың тұңғыш мультфильмі ұлттық музыкалық аспап домбыра әуенімен әрленді. Ұзақтығы 10 минутқа жететін мультфильм жасауға бір жарым жыл уақыт жұмсалды.
Мультфильм 1968 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербор) қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальда, 1975 жылы Нью-Йорк қаласында өткен Халықаралық мультипликациондық фильмдер фестивалінде оқ бойы озық шығып, жүлделер алып, 48 елдің экранында көрсетілген.
Сондай-ақ, Әмен ата «Құйыршық» (1969), «Жанар» (1972), «Күн сәулесінен пайда болған көжек» (1975) атты мультфильмдерді жасап шығарды. 1980 жылы «Ақсақ құлан» (1968), «Қожанасыр — құрылысшы» (1970), «Қырық өтірік» (1978) сияқты мультипликациондық фильмдер топтамасы үшін ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығы берілген.
Ширек ғасырға жуық қазақ балаларымен бірге жасасып келе жатқан мультмильмнің ғұмыры ұзақ болатынына сенім мол.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*