Қазақстанның миллионер би тобы анықталды

Шымкентте республикалық «Бұраң бел» би байқауы өтті. Екінші рет қолға алынған өнер сайысына еліміздің түкпір-түкпірінен 14 би ұжымы қатысып отыр. Оның 5-уі – біздің жерлесіміз.
Шымкентте республикалық «Бұраң бел» би байқауы өтті. Екінші рет қолға алынған өнер сайысына еліміздің түкпір-түкпірінен 14 би ұжымы қатысып отыр. Оның 5-уі – біздің жерлесіміз. Сол үшін оңтүстікқазақстандық жанкүйерлер таңертеңнен кешке дейін опера және балет театрында өнерпаздарға болысып отырды.
«Қазына» халықтық ансамбілі қазақ биімен «Бұраң бел» республикалық байқауының шымылдығын түрді. Халқымыздың дәстүрімен бірге, болмысын да боямасыз баяндайтын би қойылымы сахнаның сәнін кіргізді. Ал құрылғанына енді ғана 1 жылдан асқан Тараздық «Ақкербез» би тобы да бүгін үзідіктердің қатарынан көріну үшін барын салмақ. Өйткені, бас жүлдеге тігілген ақы қомақты. 1 млн. теңге.Тараздық "Ақ кербез" би тобы қазақ биін нақышына келтіре биледі. Тіпті орындауға қиын қимылдарды да щебер орындап, көпшіліктің құрметіне ие болды.
«Қазына» халықтық ансамбілі қазақ биімен «Бұраң бел» республикалық байқауының шымылдығын түрді. Халқымыздың дәстүрімен бірге, болмысын да боямасыз баяндайтын би қойылымы сахнаның сәнін кіргізді. Ал құрылғанына енді ғана 1 жылдан асқан Тараздық «Ақкербез» би тобы да бүгін үзідіктердің қатарынан көріну үшін барын салмақ. Өйткені, бас жүлдеге тігілген ақы қомақты. 1 млн. теңге.Тараздық «Ақ кербез» би тобы қазақ биін нақышына келтіре биледі. Тіпті орындауға қиын қимылдарды да щебер орындап, көпшіліктің құрметіне ие болды.
Ал бұл кезде өзге де қатысушылар қобалжып жүрді. Сахна сыртында бір-біріне қолдау көрсетіп, сәттілік тілесті
Ал бұл кезде өзге де қатысушылар қобалжып жүрді. Сахна сыртында бір-біріне қолдау көрсетіп, сәттілік тілесті. «Біз үшін жеңіс емес, қазақтың төл өнерін дамыту, соны халыққа жеткізу» дейді үмыткерлер
Бұл "Бұраң бел" би байқауының жүргізушілері де алғаш рет үлкен сахнаға шығып отыр. Естеріңізге сала кетейік, жуырда ғана Шымкентте өткен "Арай-2013" өнер байқауының жүлдегерлері атанған олар да қобалжыдық дейді әсерін жасырмай. Алайда көрерменнің қошеметі - өнер иелеріне қолдау болды. Аспай-саспай, жоғары деңгейде жүргізді байқауды
Бұл «Бұраң бел» би байқауының жүргізушілері де алғаш рет үлкен сахнаға шығып отыр. Естеріңізге сала кетейік, жуырда ғана Шымкентте өткен «Арай-2013» өнер байқауының жүлдегерлері атанған олар да қобалжыдық дейді әсерін жасырмай. Алайда көрерменнің қошеметі — өнер иелеріне қолдау болды. Осылайша олар аспай-саспай, жоғары деңгейде жүргізді байқауды
Байқауды тамашалауға, таразылауға келген көпшілктің де қарасы қалың болды. Ә дегеннен-ақ, өздері сыни пікірлер айтып, таңдауларын жасап отырды. Бәрінен бұрын олар би байқауының биыл республикалық деңгейде өтіп жатқанына қуанады

Гүлнар Жолдасова, көрермен: «Республикалық байқау өте қызықты, тартысты басталды. Сол үшін көзжазбай бастан-аяқ билерін тамашалап отырмын. Бірінен бірі өтіп, керемет би қимылдарын ұсынып жатыр. Орал қаласынан келген үлгілі қызғалдақтар би ансамбілінің орындауындағы «Сажайлау» би маған өте ұнады. Себебі ол бидегі орын алып жатқан би қимылдары жайлауда болып жатқан көрініс ретінде табылады. Және де би орындаушылықтары, жетекшілері олардың үйреткен қимылдарына қарай, жоғары баға қояр едім өз бетімше. Ал оларға баға беріп жатқан әділқазылар алқасы бағаны дұрыс жағынан, оның қимылдарына қарап дұрыс баға беруде».

Екі кезеңнен құралған байқаудың бірінші бөлімінде қазақтың халық биін билеу міндеттелген. Күрделі орындалатын би қимылдары да олардың ұпай санын арттырары сөзсіз. Ал қазылар алқасының құрамында ҚР еңбек сіңірген әртісі Ізім Тойған Оспанқызы, ҚР мәдениет қайраткері Есікеев Абдурасул, ҚР мәдениет қайраткері Зәуре Әжібекова болды.  ҚР халық әртісі Гүлжамал Талпакова төрайымдық етті.

«Ақкербез» би тобы, Тараз қаласы: «Әрине,үмітсіз шайтан дейді ғой, үмітімізді үзбейміз. Ойдағыдай билеп шықтық деп ойлаймыз. Қазылар алқасының  мүшелерінен әділдік сұраймыз. Жақсы билеп шықтық деп ойлаймыз ең бастысы. Біз өз өнерімізге сенімдіміз. Көрерменде барлық бишілердің өнерін тарзылап отыр ғой».

Күлия Айдарбекова, ОҚО мәдениет басқармасының бастығы: » Байқау өте қызық әрі тартысты өрбіді. Ең бастысы шын таланттар суырылып шықты. Әділ өтті. Себебі қазылар алқасының құрамында тек өнер майталмандары, нағыз мамандар отырды ғой. Біз де осы өнер ұжымдарының еңбегі еленсін деген оймен, облыс әкімінің бұйрығымен жасалған бағалы сый-марапатымызды ұсынып отырмыз».

 «Бұраң бел» арнайы жүлдесін (200 мың теңге) Маңғыстаудың «Шұғыла» би ансамбілі жеңіп алды. Облыс әкімінің арнайы сыйлығы (200 мың теңге) Қызылордадан келген «Бұраң бел» би ансамбіліне берілді. «Шұғыла» номинациясы (200 мың теңге) ОҚО облысы, Төлеби ауданының «Меруерт» би ансамбіліне бұйырды. Ал «Үміт» аталымын (200 мың теңге) Қазығұрттың бишілері «Жұлдыздар» иемденді. Болат Мейірбеков атындағы жүлдені (200 мың теңге) кентаулық «Шабыт» ұжымы еншіледі.   3-орынды (300 мың теңге)  Тараздық «Ақкербез» бен көкшетаулық «Гәкку» өнер ұжымдары иемденді. 2-орынға (500 мың теңге) шымкенттік «Қаракөз»дің бишілері мен Ақтаудан арнайы келген «Жорға» би тобы лайық деп табылды. 1-орын (700 мың теңге) Қызылорда облысының үздіктері «Дидарлықтарға» бұйырды. Бас жүлде — 1 млн. теңге қаржылай сыйақыны Түркістанның таланттары «БиСұлтан» ансамбілі қанжығасына байлады. Ал ұйымдастырушылар, жылдар бойғы үзілістен кейін қолға алынған байқау дәстүрлі шараға айналады деп жоспарлап отыр.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*