Қазақстанның ең үздік жас әншілері анықталды

Қаламызда өткен Республикалық «Арай-2013″ жас эстрада әншілері және облыстық мәдени іс-шара жүргізушілері байқауы аяқталды.Естерңізге сала кетейік, жас әншілерге 1 патриоттық және еркін тақырыпта ән орындау міндеттелген. Сонымен республикалық «Арай-2013» байқауының шымылдығын халық әртісі Роза Рымбаеваның репертуарындағы «Атамекен» әнімен Оңтүстіктің аруы Мәдина Өтебай түрді. Бірақ жас әнші әнді сәтсіз бастады, сондықтан соңы да ойдағыдай шықпады десті өнерсүйер қауым. Ал екінші нөмірлі болып шымкенттік Ерік Серіктегі Елбасы Н.Әбішұлының сөзіне, Бекболат Тілеухановтың әніне жазылған “Жерім менің” әнін орындап шықты. Жас әншіге көрерменннің қошемет-ықыласы ерекше болды, қол соғып, “Жарайсың, Ерік!” деген дауыстар әншіге қолдау болғаны анық. “Ия, қатты қобалжыдым. Сахна — бәрібір сахна, киелі орын. Сондықтан толқу-уайымдау деген сезімдер болды. Бірақ көреременнің қолдап, бірге ән салып отырғанын көргенде бұл сезімдер артта қалды. Өзіме бүгінгі ән орындау шеберлігім ұнады. Би қимылдарым да жарасып тұрды деп ойлаймын” деді 20 жасар жерлесіміз әсерін жасырмай. Ал Оралдың аруы Айнара Айтқалиева Төлеген Мұхамеджановтың “Құс жол” әнін орындағанда, көпшіліктің “Роза Рымбаеваны көргендей әсерде болдық, тіпті шаш үлгісі де ұқсайды екен”, деген пікірлеріне де куә болдық. 16 жасар шымкенттік Ақниет Олжа бүгінге дейін талай дүркін республикалық, қала берді халықаралық байқаулардың жүлделерін жеңіп, елге танылып жүрген әншіміз. Ақниет бұл байқауда С.Бәйтерековтың “Әлия” әнін шарықтата шырқап, қазылар алқасының жоғарғы бағасына ие болды.

Сонымен республикалық “Арай-2013” байқауында эстрада бөлімі бойынша бас жүлдені (500 мың теңге) Ақтөбе облысынан келген Нұрболат Абдуллин жеңіп алды. 1-орынға (300 мың теңге) шымкенттік Гүлхая Жуашбаева лайық деп табылды. Ал 2-орынды (200 мың теңге) Орал қаласының әншісі Айнара Айтқалиева мен жерлестеріміз Қуаныш, Айдар, Қуат, Нұрбек квартеті иеленді. Ал 3-орынға (100 мың теңге) Түркістан қаласының жас әншісі Жанар Исмайлова, Қызылорда облысынан Индира Ахметова, алматылық Серік Қанибаев қанағат тұтты. Сонымен қоса, “Көрермендер көзайымы” арнайы аталымын маңғыстаулық “Керуен” тобы алды. Ал “Ең жас әнші” жүлдесімен шымкенттік әнші Ақниет Олжа марапатталды. Сейдолла Бәйтереков атындағы жүлдені Қарағандылық өнер иесі Ербота Ұзақбаев жеңіп алса, Шәмші Қалдаяқов атындағы жүлде Солтүстік Қазақстан облысынан ат арылтып келген Қуаныш Ерзатұлына бұйырды.

Нұрболат Ахметжанов, ҚР Мәдениет Министрлігі, Мәдениет комитетінің музыка өнері басқармасының бастығы:»Бұл дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін “Арай” байқауы еліміздің ең таңдаулы таналанттарын, қаймақтарын көрсетуде маңызы зор. Ең алдымен айтарым, бұл байқау жас өнерпаздарға үлкен сахнаға жолдама әперуін жалғастырады. Әрине, 5-10 жыл бұрынғы байқаумен салыстыра қарғанда мынау үміткерлердің ән айту деңгейі, кәсіби шеберлігі, талаптары да анағұрлым артқан, жоғарғы дәрежеде. Жыл өткен сайын өнерпаздардың талғамы да өзгеруде. Бұл құбылыс қазылар алқасы үшін де қуаныш. Қарап отырып мәдениеттің дамуын таразылаймыз. Қатысушылардың барлығы да әрбір облыстың үкілеген үміттері. Ал бүгінгі жеңімпаздар оқ бойы озық шықты, кімнің қандай айтқанын көрермен де көріп отыр. Қазылар алқасының құрамында өнер саласының кәсіби мамандары болған соң, ешқандай талас туған жоқ. біз бірауыздан әділ бағаладық деп ойлаймын”.

Бас жүлдені ақтөбелік Нұрболат Абдуллин жеңіп алды
Бас жүлдені ақтөбелік Нұрболат Абдуллин жеңіп алды

Нұрболат Абдуллин, бас жүлде иегері:»Бұл менің Шымкенте алғаш келуім. Сондықтан болса керек, Шымкентте осындай құрметке ие боламын деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Алла Тағаланың жазғаны шығар енді. Қуанышым қойныма сыймай тұр. Жігіт болған соң, өз-өзімді ұстаймын ғой. Ал байқауда басты қарсыластарым болған Орал қаласынан келген Айнара Айтқалиева мен қызылордалық әнші Индира Ахметова дер едім. Кәсіби әншілердің өнерін құрметтеймін».

16 жасар шымкенттік әнші Ақниет Олжа үлкен жүлде күткенін айтады
16 жасар шымкенттік әнші Ақниет Олжа үлкен жүлде күткенін айтады

Ақниет Олжа, «Көрермендер көзайымы» жүлдесінің иегері: «Менің жасым кіші болып осындай жүлдені ие болып отырмын деп ойлаймын. Себебі мен көптеген халықаралық, республикалық байқаулардың бас жүлдесін қанжығама байлағанмын. Ия, мен бұдан да үлен жүлдені күттім. Себебі мен өз ойымдағыдай ән орындап шықтым. Бар өнерімді салдым. «Бақ щаба ма, бақ шаба» деген ғой.Сондықтан көңілім түсіп отырған жоқ».
Жәудір Дүйсенбек, көрермен:»Арайды» жыл сайын асыға күтеміз. Сондықтан байқау басталғаннан бері жібермей тамашаладым. Өзімше іштей бағалап отырдым. Олардың ән орындау шеберлігіне тәнті болғанымды жасырмаймын. Қазылар алқасы әділ бағалады деп ойлаймын. Ақтөбелік Нұрболат пен жерлесіміз Нұрхаяға жүлделі орынмен марапаттағаны дұрыс болды. Шымкенттік квартет те жақсы орындады әнді, сондықтан олардың да жүлдеден кенде бомағаны бізді қуантты”.

Ал облыстық мәдени іс-шаралар жүргізушілері арасында бас жүлдені (150 мың теңге) Отырар ауданының өнерпазы Батия Устемирова қанжығасына байлады. 1-орынды (70 мың теңге) Төлебидің таланты Пердебек Есқұлов пен шымкенттік Ақмейірім Қуашбаева еншіледі. Шымқаланың тұрғыны Жандос Өсербаев 2-орыннан көрінсе, 3-орынға Ордабасы ауданының серісі Берік Бейсенбай мен Шымкенттің үздігі Айгерім Мырзабаева місе тұтты.

Пердебек Есқұлов өнерінің бағаланғанымен мақтанады
Пердебек Есқұлов өнерінің бағаланғанымен мақтанады

Пердебек Есқұлов, 1-орын иегері: «Шыны керек мен бұл жеңісті күткен жоқпын. Себебі мәтінді мәнерлеп оқыған кезде, әттеген-ай деген тұстарым көп болды. Бірақ өзімнің өнерімді көпшілік алдында паш ете алдым деген ойдамын. “Жеңіс айтып келмейді” деген рас екен ғой, қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын».

Осылайша марапаттау рәсімі Қазақстан өнер жұлдыздары мен “Арай” байқауы лауреаттарының гала-концертіне ұласты. Келер жылы өнер додасымен қатар байқаудың 20 жылдығы да тойланбақ. Ең бастысы байқау, өнерлі жастолдқынға үлкен сахнаға жолдама әперуін жалғастырмақ.

One Comment

  1. сайттың электронды поштасын немесе кері байланыс адресін бере аласыз ба?

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*