«Қазақ аруы-2013» байқауы басталды

Сұлулар байқауы басталып кетті! Қазақстанның ең сұлу арулары «Қазақ аруы-2013» сайысының ақтық финалында бақ сынайтын болады. Айта өтейік, жыл басынан бері бұл байқауға қатысу үшін ниет білдірген 500 арудың ішінен 18-і іріктелініп алынған. Ал ақтық сайыс наурыз айында Алматы қаласындағы студенттер сарайында өтеді деп жоспарланыпты.

Бұл "Қазақ аруы - 2013" байқауының үміткерлері
Бұл «Қазақ аруы — 2013» байқауының үміткерлері

Бұл байқау жарияланғаннан бері көпшілік ғаламторда дауыс беруін тоқтатпаған. Тіпті дауыс берушілер саны 5 мыңға дейін жеткен. Осыған қарағанда сұлулар байқауы үлкен назарға ие болып отыр дей аламыз. Ал дәл қазіргі уақытта ең көп дауысқа байқауға Алматы облысының атынан түсіп жатқан Анар Тұрғанова иеленіпті. Екінші орыннан ақтөбелік 19 жасар ару Али-Анна Ансатбаева көрінді. Ал үшінші орында Шығыс қазақстан облысының бойжеткені Анар Сағитова тұр. Осы арулардан кейінгі дауысқа Жамбыл облысының сұлулары Әзиза Шашубаева мен Әйгерім Сақанова, шығысқазақстандық Еңлік Саматова, алматылық Әнел Алғатай иленген. Бір қызығы осы көрсеткіштерге қарап, жұртшылық кімнің жеңіске жететінін топшылап та жүр. Бірақ наурыз айында нағыз сұлу анықталатын болады. Әрине, қазылар алқасының және көпшіліктің шешімімен! Ғаламтордағы жанкүйерлердің белсенділігіне қарап, бұл байқаудың тартысты өтетініне сеніміміз арта түсті.

Алматы облысының аруы Анар Тұрғанова ғаламторда ең көп дауысқа ие болды
Алматы облысының аруы Анар Тұрғанова ғаламторда ең көп дауысқа ие болды

Ал ең бастыс қазақтың нөмірі бірінші сұлуы болуға талпынған аруларға қойылатын талап  мынадай:  қазақ тілін, дәстүрін, әдебиетін, тарихын білу, бойының 170 сантиметрден қысқа болмауы, шашының ұзын болуы. Қазақ салт-дәстүрінің иісі аңқып тұрған ғұрып бойынша өз-өзін ұстауы мен арудың өз-өзіне деген сенімділігі, білімі оның бұл байқаудың ханшайымы, жеңімпазы болатынының кепілі!

Оралың 21 жасар сұлуы Әмина Сатыбалдиева
Оралың 21 жасар сұлуы Әмина Сатыбалдиева

 

Естеріңізгне сала кетейік, былтырғы жылы «Қазақ аруы-2013» атағын алматылық ару Айғаным Өтепбергенова иемденген еді. Ал қазір қазақ аруына тасласқа түсетін қыздар қызу дайындық үстінде. Сонымен Қазақстанның ең сұлу аруы наурыз айының 17-жұлдызында белгілі болмақ.

Шымкенттік Лаура Дүйсебекқызы Қазақстанның нөмірі бірінші аруы болатынына сенімді
Шымкенттік Лаура Дүйсебекқызы Қазақстанның нөмірі бірінші аруы болатынына сенімді

Айта кетейік, әзірге бізге белгілі болғаны Шымкенттік 19 жасар қыз Лаура Дүйсебекқызы қатысушылардың сапында. Ол бүгінде Санк-Петербург мемлекеттік университетінің дизайн және технология мамандығының студенті. Ендеше,аруларға іске сәт дейміз!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*