Қайырымдылық жәрмеңкесі жүзеге асты

Шымкентте, 17-маусым күні,  Сәкен Сейфуллин атындағы халықтар достығы үйінде жас шеберлердің қолынан шыққан дүниелер сатылымға шыққан болатын. Осы орайда түскен қаражаттың барлығы да қайырымдылық шарасына жұмсалады делінген. Ал жиналған қаржы расында да қайда жұмсалды? Міне осы жәйттің анық-қанығын анықтайтын боламыз. Анығырақ айтсақ, қаламыздағы ерікті жастар қолөнер бұйымдарына жәрмеңке ұйымдастырды. Балалар үйіне көмек қолын созуды жөн көрген жастар 2 ай бойы қолөнер бұйымдарын жасап, қоғамға пайдасын тигізгісі келді. Айта өтетін жәйт, маңызды шара Қазақстанның Жастар-ақпарттық  қызметі қайырымдылықты дамыту департаментінің қолдауымен жүргізілді. Келген жұртышылық қолдан жасалаған дүниелерге тәнті болғанын да жасырмады. Бұл аз десеңіз, сурет салуды жаны қалайтын жастар жәрмеңкеге келгендердің суреттерін де көз алдында салып берді. Суреттер бағасы — 1000 теңгеге бағаланған.

Айгүл Даржанова қайырымдылық шарасында сурет салыпты

Елена Швецова, Қазақстанның Жастар ақпарттық қызметі бойынша қайырымдылықты дамыту департаментінің басшысы: «Ия, біз бұл дайындығымыздыды бастағанда Шымкенттің тұрғындарын  хабардар еткен болатынбыз. Сондықтан жәрмеңкеге халық көп жиналды. Бұл да болса Оңтүстік тұрғындарының  жаны мейірімділікке толы екеннің дәлелі болса керек. Айта өтетін жәйт, қайырымдылық шарасына барлық  қолдан жасаған  қолөнер бұйымдарын ұсынғанбыз. Десе де дүниелер толассыз сатылды. Жиналған қомақты қаражаттың барлығы да қаламыздағы балалар үйіне үлестірілді. Сондай-ақ біз бұл шараны бірінші рет емес, әрдайым қолға алып жүреміз. Бұл – біздің мақсатымыз деп білеміз.

Маңызы мол шара биыл 2-рет қолға алынып отыр. Әрдайым балалар үйі мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетуді міндеті санайтын еріктілердің жұмыстары жемісті. Сондықтан қажетті қаражат жиналып, балалар үйіне қажеттліктерді салып әперген. Осы орайда ерікті жастардың қоғамда ауыз толтырып айтарлықтай орны бар деп айта аламыз. Айта өтейік, бұл ұйымның қаражатқа тиісті қажеттіліктерді сатып алу шарасы да тікелей журналистер мен қала жастарының қатысумен жүргізілген.  

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*