Қай қажеттілік шөлдеуден құтқарады?

Жаз. Аптап ыстық. Барлығымыз да шөлдеумен күресуге тырысамыз. Бізді 1 стақан квас қана құтқара ма әлде шырын ба? Мүмкін мұзды салқын су, болмаса, сусын. Дәл осы газдалған тәтті сусын көпшіліктің сұранысына ие болып отыр. Айта өтейік, осы орайда  мамандар жаз мезгілінде шөл басу үшін салқын су пайдалы дейді. Ал атақты әнші Антон Зацепин шөлін басу үшін квасқа жүгінеді.

Квас шөлді басатын қажеттілік деп есептейтіндер көп

Антон Зацепин, әнші: «Квас шөлімді басады. Шөлдеген кезде квас маған көмегін береді. Сондықтан жаздыгүні  ән айтар алдын, тіпті достарымызбен жүрсек те квасты қасымыздан тастаған емеспіз. Әрдайым көңілім көтеріліп, квасты көргенде жаным жадырай түседі. Сол себепті шөлден бірден бір құтқарушы деп қараймын квасқа».

Өкінішке орай мамандар квас пен газдалған тәтті судың көмегі шамалы  екенін айтады. Сондықтан ішу пайдасыз. Ішкен сайын қайта-қайта ішуді қалап тұратын қоздырғыш әрекет белсенді жұмыс жасайды. Қанша рет ішсең де шөлді баса алмайтын бұл сусынның жаздыгүні әсері шамалы.

Жеміс шырындарына сенім артатындар да бар

Ғалия Батырханова, дәрігер: «Газдалған тәтті су мен квастың шөлді жеңбейтінін айтқым келеді. Тәтті сусындар да еш көмектесе алмайды. Себебі бұлардың құрамында шекердің үлесі көп. Бұл шөлді басудың орнына, шөлдеу әрекетін күшейтеді. Сондықтан, салқындатылған су кез келген шөлге төтеп береді. Бұл суға ғана тиесілі қасиет. Көпшілік қауым кәдімгі жеміс шырынына  да шөлден құтқарушы ретінде  қарайды. Бұл дұрыс-ақ. Алайда қарапайым сумен салыстыруға келмейді. Мәселен, ұзақ жол жүргенде жеміс шырыны көметесе алмай қалады. Біз бұл пікірімізге көпшілік көз жеткізу үшін зерттеу де жасап көрдік. Бұл үшін бізге спортсүйерлер көмектесті. Спортшылар өздерінің сүйікті сусындарын ішіп, ойындарын жалғастырды. Кімнің бірінші шөлдейтіні қызық болды, әрине. Газдалған тәтті су мен квас қайта-қайта ішуге талпындырады. Ал су жеңіске жетті. Бұған өңір тұқрғындары осылайша көз жеткізді».

Ал «Иванушки international» тобының әншілері жеміс шырынына жететін ештеңе жоқ деп есептейді. Ән айтар алдын немесе көңіл күйлері жоқ кезде де әрдайым шырынға жүгінеміз дейді әншілер. Шөлдеп тұрғанда да бір ұрттам шырын қасымыздан табылады деген әншілер көбінесе көк алма шырынын сатып алатын көрінеді.

Жеміс шырындары шөлден сақтайды деп есептейді жұлдыздар

«Иванушки international» тобы: «Әрине, біз жаздыгүні немесе спортпен шұғылданып жатқанымызда міндетті түрде жеміс шырындарын жанымызда алып жүреміз. Себебі, газдалған тәтті су денсаулыққа кері әсер ететінін біліп, әрдайым табиғи өнімдерді тұтынған дұрыс деп есептейміз. Бүгінде қолымыздан көк алманың шырыны түспейтін болды. Салқындатып ішсең, тіпті шөл дегеннің не екенін сезбей де қаласың. Әсіресе, сахнаға шығып ән айтар алдын бізге ерекше серпін сыйлайтын досымыз болды десек те болады. Қайда жүрсек те, кіммен жүрсек те жеміс шырынын жарнамалап жүретін болдық. Себебі, ол расында да бізге таптырмас қажеттілік».

Талас жоқ, табиғи жеміс шырындарының пайдасы орасан. Алайда шырын шөлді басады деу шындыққа жанасады ма?! Әрине, мамандар айтқандай шырын мен суды тіпті салыстыруға келмейді. Анығырақ айтсақ, судың қандай көмекші екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сонымен, су — тіршілік көзі. Су адам ағзасын шөлден ғана құтқарып қоймай, шаршағанды да басады екен. Егер сіз ыстық пен шөлден қорғанғыңыз келсе, суға сенім артыңыз. Күш беріп, көңіл күйіңізді көтереді. Қасыңызда су болса, кез келген ыстық сізге қорқыныш тудырмайды.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*