«Зияткерлік» мектепте оқу көбіне бұйырмады

 

Қорытынды комиссия төрағасының көңілінен шықпады
Қорытынды комиссия төрағасының көңілінен шықпады

«Назарбаев» мектебіне ниеттілердің жартысынан азы ғана сынақтан өтті.Осылайша Оңтүстікте үздік деп мақтаған оқушылардың масқарасы шығып қалды. Нағыз білімділерге арналған Презеденттік мектепке іріктеудің соңы білім деңгейін айқындап берді. Сынақ тапсырған 2 мыңнан аса оқушының бірде бірі жоғары балл жинай алмаған.

Оқушылар да өздерінің мұндай жаман нәтиже көрсететін ойламаса керек. Жаппай аппеляциялық комиссияға шағымданды да. Бірақ ұпайды түгендеу барлығына бұйыра қоймады. Айта өтейік, облыс бойынша 4028 шәкірт бірінші сынақ бойынша тест тапсырып, оның  физика-математика бағыты бойынша 1369 бала, химия-биология саласы бойынша 887 оқушы екінші сатыға көтерілген. Екінші сынақ бойынша 2256 оқушы бақ сынап, оның бір мыңға жуығы шектік балын жинаған.

Жоғары балл жинаған ешкім жоқ
Жоғары балл жинаған ешкім жоқ

Ата-аналардың бірі баласының өте алмағаны үшін күйіп жүрсе, енді бірі «жіберілді» дегенді оқып, сүйінші сұрауда. Алайда, бөрікті аспанға лақтыруға ерте дейді мамандар. Соңғы нүктені республикалық комиссия қояды. Олардың айтуынша, емтиханнан өткендер мектептерінде сабағын жалғастырмасын деген заң жоқ. Сондықтан әрқайсысы өз мектебінде білімін жалғастыра береді. Аймақтық сынақ аяқталғанымен алда әлі республикалық комиссияның қарауы бар, сол жерде мемлекеттік «Өркен» гранты бөлініп, мектептің оқушылары анықталады екен. Мұның ең соңғы нүктесін Білім және ғылым министрлігі қояды дейді «Назарбаев» зияткерлік мектебі ДББҰ департамент директорының орынбасары Жанар Жаманқұлова. Зияткерлік мектептке түскен оқушыларға өзіміз хабарласып, өзіміз жинап аламыз деп отыр. Ал Шымкентте екі бірдей зияткерлік мектептің құрылысы былтырдан бері жүріп жатқаны белгілі.

Келер жылы бітіп қалар деген үміт те бар дейді жауаптылар. Нағыз мықтылар оқиды деген мектепке түсушілердің сынағы қаймақтарды қалқып алды, расында. Алайда облысымыздан шалғай орналасқан аудан-қалалардан келген оқушылар аз екен. Біз тек Кентау қаласы мен Мақтарал ауданының оқушыларын ғана жолықтыра алдық. Олардың айтуынша, ақпараттандыру аз болған аудандарында. Ешкім қабылдау комиссиясының қашан, қалай, қай жерде жұмыс істеп жатқанын айтпады? Тек өзіміз ізденіп, соңғы күндері келіп, құжаттарымызды өткіздік дейді. Кентаудан үш-ақ оқушы қатысыпты, оның екеуі орыс сыныбынан болса, біреуі- №3 аймақтық дарын мектебінің шәкірттері. Тек екеуінің ғана бағы жанып, «зияткерлік» мектебіне оқуға мүмкіндік алыпты. Осы орайда, халық арасындағы кейбір алып-қашпа сөздерді рас па деп қаласыз?

Жанар Жаманқұлова, «Назарбаев» зияткерлік мектебі ДББҰ департамент директорының орынбасары:

-Жоғары бал жинаған оқушы жоқ. Шектік балдан өткенімен жарқырап көзге түскені болмады. Біз оңтүстіктен жоғары нәтиже күткенбіз.

Үміткерлер мұндай нәтиже күтпесе керек
Үміткерлер мұндай нәтиже күтпесе керек

«Жіберіледі» дегенмен оның нүктесін республикалық комиссия қояды. Мысалы үшін, биология саласы бойынша ашылатын төрт қазақ сыныбына 96 оқушы аламыз, ал бізде өткендер үш жүзден асады. Сондықтан «Өркен» гранты кімге беріледі, оны білім министрлігі шешеді.

Балқан Қасымов, комиссия төрағасы:
-Жетінші сыныптардың көрсеткіші төмен. Әсіресе, биология пәні бойынша білімдері нашар. Жалпы 60 балл жинаған ешкім жоқ. 50 балда санаулы ғана. Осындайда жетінші сыныптардың мұндай додаға дайын еместігін бірден аңғаруға болады. Оңтүстіктен мұндай нәтиже күткен жоқпыз.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*