Жыл жаман өткен жоқ, өкпе жоқ…

44cdfb98b4ce0ffb2a2807490cf514b2Зымыраған уақыт-ай дейсің… Тағы бір жылды әне-міне дегенше артқа тастадық… Өтіп бара жатқан ұлу жылындағы еліміздің жетістіктері жалпақ жұртқа мәлім ғой. Тізіп қайтейін… Одан да өзіме-өзім есеп беріп көрейін. Ұлу жылы менің есімде қандай елеулі оқиғалармен есте қалды дейсіз ғой…
Ұлу жылы мені тамаша жандармен таныстырды, дос, бауыр, туыс етті.
Ұлу жылы маған сүп-сүйкімді нағашы іні сыйлады.
Ұлужылы аман-есен университетті бітіріп, өзім қалаған мамандықтың иегері атануыма себепкер болды.
Ұлу жылында біраз жоспарларым жүзеге асты.
Ұлу жылында еліміздің біраз қалалары мен тарихи-мәдени орындарын аралауға мүмкіндік туды.
Ұлу жылы «Оңтүстік Рабатқа», яғни керемет ортаға топ еткізді.
Ұлу жылы «Отырар» телеарнасының 20 жылдық мерейтойын көзбен көруге жазды.
Ұлу жылында көлік басқарып көрдім))).
Ұлу жылында ауылдағы мәдениет үйіне миллиондаған қаржы бөлініп, күрделі жөндеуден өтіп, жаңарып қалды.
Ұлу жылында 3 группаласым, 2 сыныптасым тұрмысқа шығыпты.
Ұлу жылы 6 жыл көрмеген, «Ұлан» арқылы танысып, үш жыл хат жазысқан қарағандылық досыммен жүзбе-жүз кезіктірді.
Ұлу жылында анам зейнеткерлердің қатарын арттырды.
Ұлу жылында армандарымызды арқалап барғанда жатсынбай бауырына тартқан, студенттік тамаша күндердің куәсі болған ару Алматымен қоштасуға тура келді.
Ұлу жылындағы кейбір оқиғалар маңдайға таяқ болып тигенін жасырмаймын. Есесіне сол оқиғалар сабақ болып, өзімді де, өзгені де түсінуге жол ашқан сияқты. Мінезімнің кей тұстары мен өкінішті сәттердің барлығын осы жылдың еншісіне қалдырып кетуді ойлап жүрмін. :)))
Қош, Ұлу жылы! 2024 жылы аман-есен көріскенше! Ал 2013 ЖЫЛАН жылы жарқын істердің бастауы болып, еліміз үшін де табысты, берекелі жыл болса екен. Жақын адамдарымыз аман болсыншы. Бәріміз Алла Тағаланың оң назарында болайық! Жаңа жыл құтты болсын, ОТЫРАРЛЫҚТАР және ОҚЫРМАНДАР!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*