Журналистер ән салды

«Отырар» телеарнасының 20 жылдық мерейтойы жалғасуда. Қаламы қарымды, тілі өткір журналистер бұл жолы караокеде ән салып, өзара бақ сынасты. Осы уақытқа дейін атқа мініп, дойбы мен үстел теннисінен де жарысқа түскен тілшілер енді сахнаға шығып, ән салды. Іріктеліп шыққан 15 журналист ақтық сында барын салып, тек мәселелі бейнематериалдарымен ғана емес, сазды әуендерімен де көпшіліктің көңілінен шықты.

Байқаудың шымылдығын бірінші болып ашқан Махаббат Абдешова «Аппақ гүлдер» әнін бұған дейін орындаған әнші Ақбота Керімбековадан кем түспейтінін дәлелдеді.

Көпшілікке қоңыр даусымен таныс Ғалия Қылышбаева бұл жолы «Өкінбе сен»  әнін шырқап, әртістігімен көзге түсті.

Ал «Жаңа күн»  сазды-ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі Жанар Есенбекова бұған дейін де әннен хабарын барын бірден білдірді. Нағыз шоу жасап, әділ-қазылардың өзін биге шақырды.

Үнемі әлеуметтік тақырыпта сюжет жасап, жұртшылықтың мәселесін шешіп жүрген Мақпал Ибрагимова «Жангүлім» әнін шырқап, жиналғандарды таң қалдырды.

«Жастар» редакциясының тізгінін ұстап жүрген Ардақ Жақсылықова «Күдікшіл келіншек» әнін орындап, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сылады.

Жас тілші Ксения Поляница байқаудың шымылдығын «С днем рождения» әнімен жапты. Әннің өзі жүректен орындалған соң, жүрекке жетті.

Осы уақытқа дейін «Ялла» тобы орындап келген «Чайхана» әнін бұл жолы біздің тілші Бахром Абдуллаев орындап шықты.

«Шұғыл шақырылым» бағдарламасының ардагері Данияр Худайбергенов байқауда шенділерге ән арнады. «Полковнику никто не пишет» әнімен әділ-қазылардың көңілінен шықты.

«Солнышко мое» әнін орындаған Олеся Пастушко биімен де көпшілікті таң қалдырды.

 

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*