«Жеңгетайдың» көрермені — студенттер

Студенттер театр алдында кезекте

Облыстық қазақ сазды драма театрының ұжымы жаңа маусымды олжалы бастады. Өйткені халықаралық конкурста «Үздік қойылым», «Үздік режиссер» және «Үздік актриса» аталымдары бойынша ұжым қызметкерлері жүлделі орындар алып қайтты. М.ӘУезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері ұжымның бұл қуанышын бөлісіп, кешегі кешті осында өткізді. Қазақ драма театрының көрермендері бұл жолы жастар болды. Режиссер Иманәлі Сапаров қойған «Жеңгетей» спекталін жастардың таңдауы тегін емес. Өйткені қойылым жастар өмірінен сыр шертеді.

Пәтер жалдап тұратын төрт қыз бен үй иесі арасындағы қым қиғаш оқиғалар арқылы өрбіп отыратын қойылым комедияға құрылған. Бірнеше жылдан бері қыздардың ақысын алып келген егде жастағы әйел өзіне серік табады. Бұдан соң қыздарды үйінен қуып шықпақ болып, соның жолында түрлі қулыққа барады.


«Жастардың келуіне қарағанда ұнап жатқан сияқты. Бұл бізді қуантады.Біз мәселелерді шешпейміз, тек комедия арқылы өздеріне ашып көрсетуге тырысамыз.Комедияның авторы Ерсайын Төлебай. Қойылым қызық әрі тартымды. Күлкі арқылы әрбір жасқа ой салары сөзсіз. Бүгінде күйбең тіршіліктің соңына түсіп, еңселері көретілмей жүретін адамдар үшін мұндай қойылымдар өте қажет»,-дейді спектакльдің режиссері Иманәлі Сапаров.

«Жеңгетай» қойылымының көрінісі

Театр залында отырған төрт жүзге жуық студенттің бұл қойылымды таңдауы тегін емес. Өйткені жастар өміріндегі құбылыстар мен пәтер жалдап тұрушы қыздар және тұрмыстық мәселелер көтерілген. Кіру ақысы да қымбат емес.

«Билеттің құны 200  теңге. Осы теңгеге бір кафеге кірсеңіз, сусын ғана ішуге жетеді. Ал театрда керемет демлып, сергіп, рухани байып шығамыз»,- дейді бірінші курстың студенттері.

Бұл бастаманы жастар әдетке айналдыруды жоспарлауда. Өйткені уақытты тиімді өткізудіңі бір әдісі театрға келу деп біледі олар.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*