Жастолқын Шымқаланы жасылдандыруға үлесін қосуда

Қазақта «Бір тал кессең, он тал ек» деген қанатты сөз бар. Бұл сөз табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелейді. Ия, жасыратыны жоқ бүгінде «көпшілік табиғатты қорғамайды, қайта ластайды, жанашырлық танытуды қойған» деген сияқты пікірлер көп айтылып жүр. Сондықтан шымкенттік бір топ жастар мұндай мәндес сөздерге тосқауыл қоюды жөн көрді. Шарапаты мол шараға білек сыбана кірісті.
DSC_0435 (680 x 1016)
«Қаланы бірге көркейтейік». Осылай деп ұрандаған жастолқын денросаябақтың сәнін кіргізу үшін көшеттер отырғызды. Әр жылы көктемде қаланы жасылдандыруға үлесін қосып жүрген олар бұл акция баршаға үлгі болғанын қалайды. Бірі су тасыса, енді бірі қолына күрек алып жұмысқа жұмыла кірісті.

Нұрбол Оразымбетов, студент: «Өзіміз бастамашы болып, таңертеңнен осында жиналып, көшет отырғызып жатырмыз. Себебі қаламыздың көрікті болғанын қалаймыз. Халқымыз «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын» дейді ғой. Бұндай ағаштардың қаламызға тигізер пайдасы мол. Денсаулығымызға да жақсы әсер етеді. Сонымен қоса бұл шара біздің қаламыз үшін дәстүрге айналғанын қалаймыз. Иә, көбіне қолымыз босамайды деп жатады жұртшылық. Ал 1 күнді арнайы дата етіп белгілесе, онда барша жұрт білек сыбана ағаш отырғызатын еді. Менің ойымша Шымкентте жасылдандыруды қажет етіп тұрған аймақтар баршылық. Біле-білсек мынау дамыған Жапония, Қытай, Италия деген сияқты елдерде белгілі бір күнді осы көшет отырғызуға арнаған. Бұл күні 1 адам кемінде 5 ағаш отырғызуы керек. Сол үшін бізде де осындай шарт қойылса болар еді дейміз. Біздің осы бастамамызды көргендер алдағы уақытта өздері де көшет отырғызуға үлесін қосады деп ойлаймыз».

Ағаш отырғызудың ережесін үйренуде
Ағаш отырғызудың ережесін үйренуде

Көшет отырғызудың да өзіндік ережелері болады. Алдымен оның тәртібін меңгеріп, тәжірибемізді арамызға биыл қосылған студенттермен де бөлісіп жүрміз дейді студенттер. Айтпақшы, бұл көшеттер Шымқаланы көгалдандырып көркейту үшін осы саябақта арнайы дайындалған. ОҚМФА-ның студенті Наурыз Бекмағанбетұлы әр жылы отырғызған ағаштарын күтіп-баптауды парызы санайды.

Наурыз Бекмағанбетұлы, студент: «Әрине, алғашында мен ағаш отырғызуды білмейтінмін. Осы саябақтағы мамандар үйретті. Қазір қанша мөлшерде су құю керектігін, жерді қанша қазу, сонымен қоса қай ағаштың қандай күтімді қажет ететінін білемін. Қазір қара ағаш отырғыздым. Енді бұл ағаштарды қараусыз қалдырмай, уақтылы суарып тұруды да міндетім деп білемін».

Алихан Жақсылықов бұл бастаманың пайдасы мол екенін айтады
Алихан Жақсылықов бұл бастаманың пайдасы мол екенін айтады

Алихан Жақсылықов, студент: «Біз достарымызбен әдетте ағаш отырғызып, оларды баптап-күтіп дегендей шараларды әр көктемде өткізіп тұруға тырысамыз. Себебі әрбір талдың болса да қаламызды көркейтуге, оның табиғатына қосқан нендей де болса үлесіміз екенін білемін. сол үшін де мынадай ағаштарды өзіміз отырғызып жатырмыз. қыздарға да рахмет, келіп, су тасып жүр. Естелік суреттерге де түсіп жатырмыз. Кейін үлкен ағаш болғанда менің отырғызған ағашым деп марқаюды да ұмытпаймыз деп ойлйамын».

Топырағы құнарлы саябақта кез келген көшет ағаш болып жетіледі. Жасыл желекті Шымқаланың ауасын таза ұстау мақсатында мұндағы табиғаттың маңызы зор. Сонымен студенттердің қатысумен «Денросаябаққа» арша, қарағаш, айлант, үйеңкі сынды 10 түрлі 100 көшет отырғызылды. Алдағы күндері мұндай шарапаты мол шара жалғасын табады деген сенімдеміз.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*