Жастардан құралған қоғамдық бірлестіктер басқосуы өтті

Шымкенттік жастардан құралған қоғамдық бірлестіктер бас қосып, бүгінгі замандастарының басты проблемаларын егжей-тегжейлі талқылады. Шешу жолдарын қарастырды. Белсенді «ОҚО Жастар Мәслихаты», «Даму», «Нұр-Әлем», «Жас Отан жастар қанаты», «Шымкент қаласы студенттер Альянсы», «Shymkent innovation», «Қазақстан жастарының ақпараттық қызметі» ОҚОФ және тағы да басқа қоғамдық бірлестіктері ұсыныстар айтып, жобаларын ұсынды. Ал «Даму» қоғамдық бірлесітігің төрайымы Айгүл Елібаева биыл да жас кәсіпкерлер болу үшін жастарға мол мүмкіндік жасап отырғанын айтады. Тіпті «Жас кәсіпкерлер клубы» жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

Қоғамдық бірлестіктер белсенділері студенттер жолақысы мен баспана мәселесін талқылады
Қоғамдық бірлестіктер белсенділері студенттер жолақысы мен баспана мәселесін талқылады

Айгүл Елібаева, “Даму” ҚБ төрайымы: «Бізде түрлі жобалар қолға алынып жатыр. Мәселен, өткен жылы 400 жас жас кәсіпкерлікті меңгеруі жолында оқыттық. Сонымен қоса оларға 3 миллион қайтарымсыз қаржы бөлінді. Енді биыл 7 миллион теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр. Нақты сомасы белгісіз, бұл адам саны мен бизнес жоспардың сапасына байланысты  ОҚО кәсіпкерлік басқармасы шешеді.  Ал таңдап алынған жобалардың сапасы мен жоспарына баса назар аударылады. «Жас кәсіпкерлер» клубы ашылды. Өзінің бизнесін ашамын, дамытамын дейтін ОҚО-дағы үздік кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырамыз. Семинар-тренингтер ұйымдастырамыз. Кез келген кәсіпкерлікк қызыққан жас өз кәсібін бастауға мүмкіндігі бар.  Одан басқа бізде алматылық бір қордың қолдауымен 50 мүгедек жасқа (мүгедектер арбасында отырған) 50 компьютер әперіп, соларды Тараз, Шымкент, Қызылорда қаласында осы жобаны іске асырамыз. Скайп системасы арқылы өздері үйде отырып, ағылшын тілін, бизнесті, информатика, және психологиялық көмекті ала алады. Бұл да өте актуалды, өзекті жоба. Және бір мектепке бармайтын, үйде отыратын жаңа жоба болып отыр. Сондықтан белсенділік танытып, атсалысуға шақырамын».

Бұл күні студенттер де өз проблемаларын қозғауды ұмытпады. Осылайша қоғамдық бірлестіктер көшбасшылары алдында жолақы мәселесін ортаға салды.

Жанерке Алақанова біз үшін жолақы билеттерінің орны зор дейді
Жанерке Алақанова біз үшін жолақы билеттерінің орны зор дейді

Жанкерке Алақанова, студент: «Ия, маған  »Шымкент қаласы студенттер Альянсы» қоғамдық бірлесітігінң төрағасы айтқан ұсыныстар мен көтерген проблемалары ұнады. Себебі мен үшінде және замандастарым үшін жол жүру билетінің орны ерек. Студенттің жағдайы баршаға айтпай-ақ белгілі болар. Сондықтан осы мәселе шешімін тапса деп тілеймін. Қалай болғанда қоғамдық бірлестіктерден жақсы хабар күтетінімді жасырмаймын».

Ерлан Айтбаев, «Шымкент жастары» МКМ директоры: «Баршамызға мәлім, қаламыздағы қоғамдық көліктердің көбісі жекеменшік. Сондықтан бұл жолақы мәселесі шешімін табы үшін жүйелі жоба ғана көмектесе алады деп ойлаймын. Мәселен, біздің студенттер үшін 50 теңге анау айтқан салмақ болмағанымен, «пересадка» арқылы да оқуына баратындар бар. сонда сабаққа бару үшін де 200 теңге жаратып, келерде соншама, тағы кітапхана деген сияқты қосымша қажеттіліктер тағы бар. Ал шын мәнісінде қоғамдық көліктердің санитарлық ахуал сын көтермейді ғой. Міне осы проблеманы көтеріп, жолақыны бір жүйеге келтіруміз қажет жақын күндері».

Бұл қоғамдық бірлестіктер қозғаған проблемаларының бір бөлігі ғана. Сондықтан жас бірлестіктердің бастамалары айтылған мәселелерді шешуде оңтайлы болады деген сенім де жоқ емес. 

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*