Жастар тәрбиесі — ел тәрбиесі

«Жастар тәрбиесі — ел тәрбиесі». Шымкентте осылай аталған зиялы қауыммен кездесу шарасы жалғасуда. Бұл күні әйгілі жазушы, журналист, қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық «Алаш» сыйлығымен марапатталған  Мархабат Байғұтпен кездесті. Кездесу кеші басталысымен қаламгердің қанатты сөздерін ұйып тыңдаған жастар қауымы өздерін қызықтырған еңбектерін жазуға түрткі болған дүниелер жайында сұрады. Жалпы басқосу сұрақ-жауаппен ұласты. Жазушының жастықшағынан да сауалдар түсті. Жастар тарапынан қаламгер өмірі мен еңбегіне қызығушылық артқаны соншалық, кездесу шарасы 4 сағат бойы өрбіді. Жоғарғы оқу орындары студенттері арасында қалам тарбеп жазушылққа бет бұрып жүргендері де таңғажайып, құнды еңбек жазу үшін адам борйынан қандай қасиеттер табылуы маңызды деген де сұрағын қойып үлгерді.

Жазушы Мархабат Байғұт жастардың сауалына жауап беруде

Назым Бақытқызы, ОҚМУ-дің студенті: «Мен кішкентай кезімнен бастап Мархабат ағамыздың шығармаларын оқып өстім. Алайда маған қатты ұнайтын еңбегі «Қорғансыз жүрек». Сезімталдық пен мейірбандықты ашық жазған Мархабат ағамыздың бұл туындысында қилы оқиғалар көрініс тапқан. Бүгін топтасрымызбен келіп, жазушыға толғандырған сұрақтарымызды қойып жатырмыз. Әрине, бұл — біз үшін үлкен қуаныш. Сонымен қатар, мен Мархабат ағаны бұрындары тек теледидардан көруші едім, ал қазір өз көзімізбен көріп, сұхбат жүргізудеміз. Көпті көрген қаламгер ғой. ТОсын қойылған сұрақтар кездессе де, бар ойын електен өткізіп, саралап жауап беруде. Өте қуаныштымын, қарап отырсам біздің ағадан үйренеріміз көп екен. Бастысы, Мархабат аға біздің арамызда жүр. Біз үшін бұл өте қуанышты жағдай емес пе?!»

Жастар жазушы Мархабат Байғұтпен кездесу сәтінен

Жастарды мәдениет қайраткерлері, атақты жазушылардың еңбектерімен таныстыру мақсатында қолға алынған бастамаға келген жастардың қарасы қалың болды. Облыстық «Жастар Орталығы» ғимаратында өткен кездесу кешінен осылайша әсер алған замандастарымыз көкейінде жүрген көптеген сауалдарына жауап ала алды. Ал кештің басты қонағы өзінің орамды ойын ашық бүкпесіз білдіріп отырды.

Мархабат Байғұт, жазушы: «Қазақстанның болашағы — жастар дегенді қайталаудан жалықпайтын болармыз, сірә… Ұмытпаңызда, әрқайсысыңыз елдің ертеңіне нендей де болса үлестеріңізді қосуларыңыз қажет. Қандай саланы таңдап, қандай жұмыс орнында жүрсеңіздер де. Мағжан Жұмабаев айтпақшы, » Мен жастарға сенемін!». Кей бейәрекеттеріңе көңілім толмай, қарным ашатынын жасырмаймын. Бірақ мұндай батысқа еліктеушілікті қойып, қазақы болмысымызды жаңғыртады деген сенім жоқ емес. Өйткені сендердің ұлттарың — қазақ, қандарың — қазақ! Сонымен қатар, көркем әдебиеттен алыстамаңдар. Қазақтың иісі осы қазақ әдебиеттен басталады. Осыны ұмытпайық. Ал менің жазушылығыма келетін болсам, бұл — тағдыр! Бұл — өмір! Осылай дөңгелетіп әкеліп, мені осы арнаға жолықтырды. Осы сауалдарыңа осылай жауап бергім келіп отыр».

Айта өтейік, іс-шаралар өтуі барысында жастардың өркениетті Қазақстан талабына сай жан-жақты азамат болып қалыптасуына, біліктілігін арттыруға мүмкіндігі молая түседі. ғылым-білімге, көркем әдебиетке қызығушылығын артыруға орасан үлесін қосады. Отанына, еліне  және жеріне деген сүйіспеншілігі артады деген сенім мол.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*