Жастар саясаты — жас депутаттар арқылы жүзеге аспақ

Жастардың саясатқа араласуы ел болашағы үшін аса маңызды! Егеменді елдің есті ұрпағы сайлау науқанында өз таңдауын жасауға құқылы! Ал Қазақстанда сайлаудың әділ өтетіні күмәнді. Ел болашағы үшін жас депутаттар санын көбейту керек. Жастолқын республикалық орталық сайлау комиссиясы мамандарымен өткен кездесуде осылай деді. Арызын ашық айтқан олар көбіне жастар саясатының жүзеге асуына осы проблема кедергі болады деп есептейді. Ал 19 жастағы Тағай Нұрдәулет халық қалаулысы болсам, ел үмітін ақтайтын едім дейді.

Жас депутаттар көбейгені дұрыс дейді жастолқын
Жас депутаттар көбейгені дұрыс дейді жастолқын

Тағай Нұрдәулет, студент: «Болашақта саясатқа араласамын деген ой жоқ емес. Араласамын болғанда еліме бір еңбегім сіңгенін, гүлденуіне үлесімді қосуды қалаймын. Сол себепті депутат болудан қашпас едім. Егер мен депутат болсам елдің өзекті мәселелерінің бірі коммуналдық жағдайын шешер едім ең алдымен. Мынау қаламыздың өзінде қаншама шағынаудандар бар, проблемалары шаш-етектен. «Қайтпас-2″, «Достық» деген сияқты. Әлеуметтік жағдайы төмен қаншама отбасы бар. Міне, ауызсу, жалпы елдің бар жағдайын жасауға тырысатын едім. Әлеуметтік, материалдық жағдайлары шешілген халық даму жолға бағыт алады. Еліміздің гүлденуі мен дамуы барысында ең алдымен жұртшылықтың жағдайын жасап қана, қол жеткізе аламыз. Осыны есімізден шығармағанымыз жөн. Менің ойымша, халық қалаулысы тек ел-жұрттың тыныштығы үшін адал жұмыс атқарғаны дұрыс! Енді осы мақсатымды орындау үшін ізденіп жүргенімді де жасырмаймын».

Жастар саясатын жүзеге асыру - елдің ереңін елестетеді
Жастар саясатын жүзеге асыру — елдің ертеңін елестетеді

Гүлмира Шерәлі, студент: «Мен 18 жасымда сайлауда дауыс беру құқығына ие болдым. Мен үшін бұл күн ерекше маңызға ие екенін сезініп, дауыс бердім барып. Бірақ менің ойымша, сол сайлау әділ өтпеді. «Көке, жәкеге» немесе таныстарына жол беретіндей көрінді. Немесе жемқорлық! Себебі көбіне халық таңдауына назар аударылмайды, содан кейін де олар өздерінің сайлаған адамдарын өздері танымай жатады. Бұл жағдай баршаға таныс қой».

Дәл қазіргі уақытта Қазақстанда жергілікті мәслихаттарда 126 жас депутат жұмыс атқарады. Сонымен қоса 2005 жылы жастардың 35-40 пайызы сайлауға белсенді қатысыпты. Ал 2012 жылы жалпы көрсеткіш 35 пайыздан 70-ке дейін өскен. Енді келер жылы сайлаудағы ортақ таңдауда дауыс берушілердің үлесі 100 пайызды құрайды деп күтілуде.

Венера Жексембекова жас депутатардың бет алысын бағамдады
Венера Жексембекова жас депутаттардың бет алысын бағамдады

Венера Жексембекова, ҚР орталық сайлау комиссиясының бас сарапшысы: «Былтырғы дауыс беру партиялық тізім бойынша депутаттарымызды сайладық. Кеше маған бір Тараз қаласында сұрақ қойды, жастарға квота берсеңіз дейді. Бірақ біз жастарға ешқандай квота бөле алмаймыз. Бұл квотаны оларға партия тағайындайды. Олар әрбір депуттарын жасақтаған кезде жастар мәселесіне де көңіл бөлуі керек. Жаңа ғана Білім Ғылым Министрі Бақытжан Тұрсынұлының сұхбатында айтыпты, «Біз мақтанамыз жастардың 60-70 пайыз жастарымыз сайлауға қатысып жатыр, депутат болып жатыр, өздрінің жауапкершілігін сезініп жатыр» деп. Қазір мынау Парламент мәжілісінде Мейрам Бегентаев деген ағаларың осы жастар мәселесімен күні-түні жұмыс жасап жатыр. Сол кісінің арқасында Дариға Нұрсұлтанқызының комитетінде жастар мәселесі көтеріліп жатыр».

Ал облысымызда 23 345 жас орталық сайлауда жұмыс жасайтын болса, оның 1561-і аумақтық көлемде. Бұл жастолқынның басым бөлігінің саяси белсенділігі төмен екенін көрсетеді. Сол үшін жастардың өз құқығын біліп, саясатқа етене араласуы маңызды.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*