«Жастар редакциясына» жасалған тамаша тарту

Бұл ОҚО, Шымкент қаласындағы №5 "Нұрсәт" бөбекжай-балабақшасының бүлдіршіндері
Бұл ОҚО, Шымкент қаласындағы №5 «Нұрсәт» бөбекжай-балабақшасының бүлдіршіндері. Таңсәріден кешке дейінгі уақытын осында өткізеді.
Балақайлар уақыттарын тиімді өткізу үшін, тәрбиешілерінің айтқандарына құлақ асады. Сабақтарын оқып, түрлі пайдалы жұмыстар жасайды. Бұл күнтәртібінен түскен емес дейді олар
Балақайлар уақыттарын тиімді өткізу үшін, тәрбиешілерінің айтқандарына құлақ асады. Сабақтарын оқып, түрлі пайдалы жұмыстар жасайды. Ертегілер әлеміне саяхаттайды. Бұл күнтәртібінен түскен емес дейді олар.
Бүлдіршіндер ән айтып, өздерінің қабілет-дарындарын көрсетеді осылай. Ұстаздарының мақтанышы.
Бүлдіршіндер ән айтып, өздерінің қабілет-дарындарын көрсетеді осылай. Ұстаздарының мақтанышы.
Салаутты өмір салтын ұстанатын кішкентай достарымыз спортзалында арнайы шынығады. Түрлі жаттығулар жасайды.
Салауатты өмір салтын ұстанатын кішкентай достарымыз спортзалда арнайы шынығады. Түрлі жаттығулар жасайды. Денміз сау болғанын қалаймыз, сол үшін спортты жақсы көреміз, дейді балалар.
Балақайлар танғы асына түрлі жармалардың ботқасын жесе, орамжапырақ сорпасымен түстенеді.  Бір-біріне "асыңыз дәмді болсын" деуді де ұмытпайды.
Балақайлар танғы асына түрлі жармалардың ботқасын жесе, орамжапырақ сорпасымен және т.б тамақтармен түстенеді. Бір-біріне «асыңыз дәмді болсын!» деуді де ұмытпайды.
Негізі менің айтпағым бұл емес еді, жай күнделікті тыныс-тіршілігімен де таныстыруды жөн көрдім. Менің айтпағым  - бүлдіршіндердің еңбекқорлығы мен еңбекке деген ынтызарлығы.
Негізі менің айтпағым бұл емес еді, жай күнделікті тыныс-тіршілігімен де таныстыруды жөн көрдім. Менің айтпағым — бүлдіршіндердің еңбекқорлығы мен еңбекке деген ынтызарлығы. Ақ қағазға өрнектеген өнерлері…
Балалардың өнерге деген қызығушылығы - тәрбиешілерінің де жұмысына ықпал етеді екен. Тәрбиешілері осылай дейді. Бәрінен бұрын, жұмыла, жабыа жасаған еңбектері  оларды бірлікке, татулыққа, көпшілікке деген құрметін жеткізуге үйретеді дейді бөбекжай мамандары.
Балалардың өнерге деген қызығушылығы — тәрбиешілерінің де жұмысына ықпал етеді екен. Тәрбиешілері осылай дейді. Бәрінен бұрын, жұмыла, жабыла жасаған еңбектері оларды бірлікке, татулыққа, көпшілікке деген құрметін жеткізуге үйретеді дейді бөбекжай мамандары.

 

Осылайша бүлдіршіндер бар өнерлерін салып, өздерінің бірлесе ақылдасқан туындысын салып жатыр. Ұстазының алдында ұятқа қалғылары жоқ.
Осылайша бүлдіршіндер бар өнерлерін салып, өздерінің бірлесе ақылдасқан туындысын салып жатыр. Иә, ойланып, ақылға салып баяу салуда.  Ұстазының алдында ұятқа қалғылары жоқ.
Өздерінің туындысын салып үлгерген кішкентай достарымыз, анау топтағы достарына қарап тұр. Өздерініңкімен салыстыуды да ұмытпайды.
Өздерінің туындысын салып үлгерген кішкентай достарымыз, анау топтағы достарына қарап тұр. Өздерініңкімен салыстыуды да ұмытпайды. Еңбектерінің кей жерлеріне өзгеріс енгізуді де ойлап үлгерді.
Туынды аяқталды осылай. Енді ұстаз араласады. Себебі еңбекке жетіспей тұрған қажеттілікті көрсетіп, үйретеді.
Туынды аяқталды осылай. Енді ұстаз араласады. Себебі еңбекке жетіспей тұрған қажеттілікті көрсетіп, үйретеді.
Бұл бүлдіршіндердің еңбектері! Ұстаздары мақтанып дәлізге іліп қояды. Жұрттың осы туындыларды көріп, тәнті болғандарын қалайды. Сонымен қоса балақайлар өз суреттерін көріп, масайрап қалатыны да бар.
Бұл бүлдіршіндердің еңбектері! Ұстаздары мақтанып дәлізге іліп қояды. Жұрттың осы туындыларды көріп, тәнті болғандарын қаласа керек. Ия біз таң қалдық. Сонымен қоса балақайлар өз суреттерін көріп, масайрап қалатыны да бар. Қиялына қанат бітіреді.
Бұл гүлдер жиынтығы - сол балалардың бізге жасаған тартуы! Өздері әкеліп берді! Кішкентай ғана саусақтарымен осындай тамаша туындыны жасаған бүлдіршіндерге алғысымызды білдіріп қалдық.
Бұл «гүлдер жиынтығы» — сол балалардың бізге жасаған тартуы! Өздері әкеліп берді! Кішкентай ғана саусақтарымен осындай тамаша туындыны жасаған бүлдіршіндерге алғысымызды білдіріп қалдық.
Бұл "гүлдер  жиынтығын" көрген Ксения алдындағы жұымысын ұмытып, жасалу жолын түсіндіруімізді өтінді. Балалардың тапқырлығы мен шеберлігіне сөз жоқ дейді ол. Тіпті таңдаған түстері де ашық әрі көңіл-күйімді көтерді деп әсерін жасырмады әріптесіміз.
Бұл «гүлдер жиынтығын» көрген Ксения алдындағы жұымысын ұмытып, жасалу жолын түсіндіруімізді өтінді. Балалардың тапқырлығы мен шеберлігіне сөз жоқ дейді ол. Тіпті таңдаған түстері де ашық әрі көңіл-күйімді көтерді деп әсерін жасырмады әріптесіміз.
Ал мен болсам "гүлдер жиынтығының" түрлі-түсті қағаздан жасалғанын ұмытып, көйлегіме жапсырғым келді. Өзімше, керемет емес пе деймін. Армандап кеттім, армандауға ерік беретін бала қиялынан туындаған еңбек-ай деймін тамсанып... Тіпті басыма қойып, гүл болғым келді ғой ...
Ал мен болсам «гүлдер жиынтығының» түрлі-түсті қағаздан жасалғанын ұмытып, көйлегіме жапсырғым келді. Өзімше, керемет емес пе деймін. Армандап кеттім, армандауға ерік беретін бала қиялынан туындаған еңбек-ай деймін тамсанып… Тіпті басыма қойып, гүл болғым келді ғой …
Ал Жанат бұл гүлдерді маған сыйлаған деп қызғанды өзінше... Бірақ біздің редакция тыңдасын ба, бәрі тамсанып "гүлдер жиынтығы" қолды-қолға тимей "қыдырып" жүр.
Ал Жанат «бұл гүлдерді маған сыйлаған» деп қызғанды өзінше… Бірақ біздің редакция тыңдасын ба, бәрі тамсанып «гүлдер жиынтығы» қолды-қолға тимей «қыдырып» жүр.
"Жастар редакциясының" жас тілшілері бүлдіршіндердің бұл сыйлығын қуана қабылдадыф. Естен кетпейтін тамаша сыйлық деп мәз-мейрам. Қмазір "гүлдер жиынтығы" біздің кабинеттің төрінен орын алған.
«Жастар редакциясының» жас тілшілері бүлдіршіндердің бұл сыйлығын қуана қабылдады. Естен кетпейтін тамаша сыйлық болды мәз-мейрам. Қазір «гүлдер жиынтығы» біздің кабинеттің төрінен орын алған.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*