Жастар әскерге баруға қауқарсыз

Жастар әскерге баруға қауқарсыз

Мектептегі алғашқы әскери дайындық пәні өз деңгейінде жүргізілмегендіктен жастар әскерге баруға қауқарсыз. Бұл туралы облыстық әскери комитеттің мамандары жария етті. Облыстық көп салалы, құқықтық және технологиялық колледжінде өткен кездесу барысында жастардың, әсіресе ер азаматтардың борышын өтеуге міндетті екені түсіндірілді. Бұл басқосуға олардың ата-аналары да қатысты.

Ержігіт Мұратбеков, облыстық әскери комитеттің қызметкері: «Мектепте алғашқы әскери сабағына көңіл бөлінбейді. Дұрыс түсіндіру жұмыстары жүргізілмейді. Сол себепті мектептен енді белі шыққан жігіттер, әскердің не екенін түсінбейді де, білмейді де. Әсіресе, қаланың азаматтары оқып, жұмыс істейді де, әскерге барғысы келмейді. Мұны ашық жариялайды. Еліміздің тыныштығы үшін, әрбір ер азамат азаматтық борышын өтеу керек».

Бүгінгі жиын барысында ата-аналар әскер саласына қатысты көкейтесті сұрақтарына жауап алды. Балдарын патриоттық рухта тәрбиелеп, Отан алдындағы борышын өтеуге жіберуге міндетті екендерін сезінді.

 

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*