Жастар «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» күнін атап өтті

Шымкеттік жастар «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» ғашықтар күнінің ұлттық дәрежеде атап өтілуіне ат салысуда. Қала тұрғындары мен жастар көп шоғырланған орталық саябақта 50-ге жуық мектеп оссосациясының белсенділері мен колледж студенттері флешмоб ұйымдастырды. Олар осындай іс-шараларды  өткізу арқылы ұлттық мерекенің қоғамға сіңісіп кететітініне сенімді.

Флешмобтан көрініс
Флешмобтан көрініс

Бұл күні олар саябақта қыдырып жүрген өзге де жастар мен қалалықтардың назарын аударып, олардың да ат салсуын қалайды. Өзгенің санасында мерекеге деген көзқарастың қалыптастыруда бірге топ болып би билеп, түрлі ойындарды ұйымдастырды. Жастар бұл бастаманың  өзгелерге үлгі боларына сенімді.

Қала тұрғындары флешмобты тамашалауда
Қала тұрғындары флешмобты тамашалауда

Айта өтейік, махаббат күнін тойлау осыдан бірнеше жыл бұрын көтерілген болатын. Алайда қолға алынбай, жыл сайын Әулие Валентин күнін ұлықтап, жастарымыз сүйіктілеріне сыйын сыйлап, оның мәртебсін өсіріп жүрген-ді. Енді сол олқылықтың орнын толтырып, 15  сәуір ғашықтар күні ретінде атап өтетін уақыт келген сияқты. Тек оның сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде жоғары дәрежеде атап өтілсе болғаны.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*