Жас жол сақшылары абай болуға шақырады

Жас жол сақшылары көмекке келді
Жас жол сақшылары көмекке келді

Апаттан аман қалу өз қолыңызда! Шымкентте жас жол инспекторлар ауруханадағы құрбыларына ерекше сыйлықтар таратты. «Балаларға қамқорлық» деп аталатын шара аясында жас инспекторлар жол апатынан зардап шегіп, Шымкенттің ауруханаларында жатқан балалар мен жасөспірімдерге жол ережесі туралы анықмамалар мен арнайы анимациялық фильм жазылған таспалар тапсырды. Ондағы мақсат, қала көшелеріндегі жол апатын азайттуға аз да болса үлес қосу.

Балдырғандардың көңілі көтеріліп қалды
Балдырғандардың көңілі көтеріліп қалды

 

Нигара Ешмұратова, жас жол сақшысы:»Біздің мақсат-кішкентай балалардың көңілін көтеру. Жол апатынан зардап шеккендерге көмектесу. Ауруханада жатқан олар бізді көріп, қуанып қалды».

Айта кетейік, 2012-ші жылы Оңтүстік Қазақстан облысының жолдарында балалардың қатысуымен 348 жол апаты орын алған. Салдарынан 58 жеткіншек көз жұмған болса, тағы 331-і түрлі жарақат алған. Кейбір жүргізушілердің жауапсыздығанан бейкүнә сәби жапа шегіп, мүгедек арбасына таңылып жатыр. Сондықтан жүргізушілерді сақ болуға шақырамыз.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*